Түркістандық жүзгіштер ел чемпионатында 8 медаль еншіледі

0
263

Жарысқа 26 команда құрамында 406 мықты спортшы қатысты.


Түркістандық жүзгіштер ел чемпионатында 8 медаль еншіледі

Түркістан облысының жүзгіштері 8 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Астана қаласында 2008 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа 26 команда құрамында 406 мықты спортшы қатысты. Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары 8 медаль жеңіп алды.


Дария Тоқтобаева 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Атап айтқанда, шалқалай жүзуден 200 және 100 метр қашықтықта 2 алтын еншілесе, фристайл түрінен 400 метрде алдына жан салмады. Сонымен бірге 400 және 200 метр қашықтықта кешенді үзуден 2 күміс медаль және 50 метрге шалқалай жүзуден үшінші орынға шықты.


Орынбасар Әбдіқадірұлы күміске ие болса, Шыңғысхан Балабек еркін стильде қола жүлде олжалады.


Түркістан облысының үздік спортшылары аға жаттықтырушы Ж.Шалдарбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Смолеев, жоғары санатты жаттықтырушы Л.Белоустің жетекшілігімен 13-17 мамыр аралығында Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр. Ол сында жеңіске жеткен жүзу шеберлері Париж Олимпиадасының лицензиялық турниріне жолдама алады.