​ГИРСУТИЗМ: әйелдерге НЕГЕ МҰРТ ШЫҒАДЫ?

0
3 867

"Мұртты әйел" болсаңыз, себебін анықтаңыз.


​ГИРСУТИЗМ: әйелдерге НЕГЕ МҰРТ ШЫҒАДЫ?

фото: uookn-kursk.ru

Денедегі түктің көптеп шығуы ер адамдарға тән құбылыс. Әйелдерде түктің шамадан тыс артық болуы және қарайып мұрттың көрінуі әлбетте ыңғайсыздық тудырады. Мұндай әйелдер қоғамда өзін дұрыс ұстай алмау, өзін қораш сезіну секілді құбылыстарды бастан кешіреді. Тіпті бойында комплекстер қалыптасып, соның әсерінен өзін көпшілік ортадан алшақ ұстау әдеті байқала бастайды.

Өз өзін бағалауы да төмендей түседі.


Мұның себебі неде?

Бұл мәселенің түп төркіні тұқым қуалаушылық, эндокриндік аурулар, менопауза секілді жағдайлардан туындайды. Дер кезінде дәрігерге қаралып, дерттің себебін анықтауға және онымен күресуге мүмкіндік береді.

Түк дененің кез келген бөлігінде, әсіресе иекте пайда болса, бұл- гирсутизмнің белгісі.


«Гирсутизм» латыншадан аударғанда «түкті, мұртты» деген сөзді айқындайды. Гирсутизмде әйелдердің бойында дәл ер адамдардыкі секілді, олардың түк шығатын жерлерінде түктер пайда бола бастайды.


Атап айтсақ, еріннің үстіңгі жағында, иекте, кеуде тұсында, кіндікті бойлап бірсызықтың бойымен өсе бастайды.

Әйелдерде де мұндай түктер болғанымен, көзге көрінбейтін және өте аз, байқалмайтындай болса, бұл мәселе емес. Айтпағымыз, осы түктердің қатты, ұзын және қалың болып шығуы.


СЕБЕПТЕРІ

Тұқым қуалаушылық және тым жиі қырыну. Жалпы гирсутизмнің пайда болуының себептері бұл ғана емес, себептері өте көп.

Бұлардың аурумен байланысты емес түрлері:


Тұқым қуалаушылық

Орта Азия, Жерорта теңізінің жағалауындағы және Таяу Шығыс өлкелерінде өмір сүретін қыз-келіншектер тіпті балалы кезінен, туылған сәттен бастап-ақ екі қасының ортасында, білектерінде, балтырында көзге байқалып тұратын түктер болады.

Тұқым қуалаушылықта организм андрогендерге (еркектік гормондар) өте сезімтал келеді. Бірақ тұқым қуалаушылықтың бұл түрі балалы болуға кері әсерін тигізбейді. Анасында, әжесінде осындай түктер болса, яғни мұртқа ұқсас түктер өссе бұл әлбетте тұқымқуалаушылық. Дегенмен, дәрігерге қаралыңыз, өйткені мүмкін ол адамның ағзасында гормондық бұзылыстар қосымша әсерін тигізіп жатқан болар.

Биология бойынша әйелде де, еркекте те эстрогендер (әйелдік гормондар) және андрогендер (еркектік гормондар) болады. Дегенмен, екі жыныста бірде емес, түрлі өлшемде болады.

Әйелде эстрогендер көп болса, ерлерде андрогендер көп болады.

Егер бұл нормадан артық болса, яғни әйелде андрогендер мөлшері асып, ерлерде керісінше болса әйелдің денесінде түктердің көптеп шығуынан бөлек, бетінде безеу, шаштың шамадан тыс майлануы, қайызғақ, тершеңдік, шаштың сиреп, тіпті түсуіне алып келуі мүмкін.

Андрогендерге тестостерон, андростерон, андростендион және басқалары кіреді. Ал, эстрогендерге эстрадиол, эстриол, эстрон және басқалары тиесілі.


Түктерді қыру

Көптеген қыздар дене бөлігіндегі, жыныстық аймақтың айналасын және қолтықта өсетін түктерді ұстарамен қырады. Бұл әдет дұрыс емес. Өйткені, түктердің түбі (луковица) тітіркеніп, түктер одан сайын көп өсе бастайды. Сондықтан, түктерден арылудың басқа жолын (депиляция, гель, паста) таңдағаныңыз дұрыс.


фото: letsgophotos.ru

Жасөспірімдік кезең

Жыныстық жетілу дәл осы кезеңде белең ала бастайды.


Менопауза. Етеккір біржолата тоқтағаннан кейін эстрогендер мен андрогендердің тепе-теңдігі бұзылып, соның әсерінен түктердің көптеп шығуы белең алуы мүмкін.


Аурудың әсерінен

Эндокриндік жүйенің ауруы. Олардың ішінде поликистоз, ісік, инфекция (оофорит) аурулары бар. Мұндай сырқаттардың әсерінен еріннің үстіңгі жағында, омырауда, үрпінің айналасында, іштің төменгі тұсында түктер өседі.

Бүйрекүсті бездерінің жұмысы бұзылғанда да осылай. Мысалы қатерлі ісік ауруында кортизол гормонын бөлу қиындайды. Сондықтан әйелдерде гормоналдық тепе-теңдік бұзылып, қанның құрамында эндрогендер толып қалады. Әйелдің даусы жуандап, түктер көбейеді.

Зат алмасу бұзылғанда, артық салмақ, қант диабеті сырқатында да осы белгілер байқалады.

Сырқатқа шалдықпау үшін семірмеу керек

Аурулардың алдын алу үшін өте көп жүктемелер қажет емес. Тек қана:

*Салмағыңызды бақылауда ұстаңыз

* Жылына бір рет гинекологиялық, эндокриндік тексерістерден өтіңіз

* Жақын туыстарыңызда гирсутизм бар болса, өзіңіздегі өзгерістерге мән беріп, дәрігерге қаралыңыз.


Лазермен жою

Дәрігердің емдеуі гирсутизмнің жеңіл, ауырлығына байланысты тағайындалады. Егер жеңіл түрі және қорқынышты ауруы жоқ болса, онда түктерді косметикалық процедуралармен кетіруге болады. Мысалы: қант пудрасы, шайыр, лазер, фотоэпилятормен.

Егер гирсутизм қауіпті сырқаттардың әсерінен пайда болған болса, онда гормоналдық терапия ұсынылады. Егер себебі ісік болатын болса, оны операциямен алдыру, дәрі-дәрмектермен емделу керек.

Артық салмағы бар әйелдерге гормоналдық фон қалыпқа келгенше, диета тағайындалады.

Жасөспірімдік кезеңде, менопаузадан кейін артық түктер байқалса, бірден дәрігердің алдынан өтіңіз. Гормондарға анализ тапсырыңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Жасқа байланысты ПИГМЕНТАЦИЯдан арылуға бола ма?


Кірпікті де "емдеп" тұру қажет