Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді

0
4 961

Ойынға ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев барды.


Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді

ERNUR.KZ. Еуро-2024 футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді, деп жазады stan.kz.

"Астана Арена" стадионында өткен кездесуде 2:1 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Матчтағы алғашқы голды ойынның 18-минутында отандасымыз Ислам Чесноков соқты. Екінші тайм бастала сала, 51-минутта қарсылас қақпасына екінші голын соққан Ислам Чесноков дубль авторы атанды.

Ойынның 60-минутында Сан Марино құрамасының ойыншысы Қазақстан қақпасына қарымта гол соғып, есепті 2:1 жеткізді.

Қазақстан құрамасы матч соңында пенальтиден гол соқты. Есеп 3:1. Гол авторы - Абат Айымбетов.

Келесі ойынды үш күннен соң Қазақстан құрамасы Словенияға қарсы ойын өткізеді.

Айта кетейік, ойынға ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, әнші Димаш Құдайбергенов келді. Ойынды тамашалау үшін стадионға бүгін 30 100 жанкүйер жиналған.