Шымкентте соғылған көліктің ішінде қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

0
469

Зардап шегушінің жағдайы ауыр.


Шымкентте соғылған көліктің ішінде қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Шымкентте құтқарушылар көлікке қысылып қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 28 маусым күні сағат 12:25-те Абай ауданы, Темірлан тас жолы мен Алматы тас жолының қиылысында «Алаш» базарының алдында болған.

“Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі мен өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына барып, Абай ауданы, Темірлан тас жолы мен Алматы тас жолының қиылысында «Алаш» базарының алдында жер асты жүру жолын салу орнында, «КАМАЗ» жүк көлігі абайсызда бетонға соқтығысқан. Нәтижесінде көлікке қысылып қалған 1989 жылы туған көлік жүргізушіні арнайы авариялық-құтқару құрал-жабдықтарымен шығарылды. Зардап шеккен ер азамат есін біледі. Алайда жағдайы ауыр болған. Жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, авариялық-құтқару жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімдерінен 11 қызметкер, 4 техника жұмылдырылды.