Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

0
351

Эвакуациялық орталықтарда 6 338 қазақстандық қалды.


Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері 43 015 адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, эвакуациялық орталықтарда 6 338 қазақстандық қалды.

7710 жеке тұрғын үй мен 2844 аула аумақтарынан су бұрылды."Жедел желіге 2 261 қоңырау түсті", - деп толықтырды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бұған дейін Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуін жалғастырып жатқаны белгілі болған.