​Шымкентте құқық қорғау органдары арасында қазақ күресінен турнир өтті

0
492

Жеңімпаздар арнайы грамота жəне кубоктармен марапатталды.


​Шымкентте құқық қорғау органдары арасында қазақ күресінен турнир өтті

ERNUR.KZ. Наурызнаманың Ұлттық спорт күніне орайластырылған сайыс Шымкент қаласындағы «Металлург» спорт кешенінде өтті.

Белдесуге қалалық полиция департаменті аппараты мен бес аудандық полиция басқармалары, патрульдік полиция полкі, жедел қимылдайтын арнайы жасақтан бөлек, 6506 əскери бөлімі, төтенше жағдайлар департаменті, ұлттық қауіпсіздік департаменті жəне мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлерінен құрылған командалар қатысып, 116 спортшы бақ сынады.
Жарыс қорытындысына сай жалпы, командалық есепте 1 орынды - жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, 2 орын - патрульдік полиция полкі, 3 орынды - департаменттің оқу-жаттығу взводы иемденді.
Сондай-ақ, 1 орынды 66 келі салмақта- Ысқақ Серік, 74 келіде - Бекқұлов Иса, 82 келіде - Майлыбаев Нұрболат, 90 келі салмақта - Қаныбеков Бақытжан, 100 келіде - Тастан Әділхан, +100 келі салмақта - Нұрғалиев Еркебұлан қаңжығасына байлады.
Жеңімпаздар арнайы грамота жəне кубоктармен марапатталды.