Дархан Сатыбалды Сенат депутаттарымен кездесті

0
173

Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенатының бір топ депутаты жұмыс сапарымен келді


Дархан Сатыбалды Сенат депутаттарымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сенаторлармен кездесіп, өңірді дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенатының бір топ депутаты жұмыс сапарымен келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сенаторлармен кездесіп, өңірді дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Алдағы жоспарларды баяндап, негізгі басымдықтарға тоқталды.


«Қасиетті Түркістан өңіріне қош келдіңіздер. Өздеріңіз білетіндей, Түркістан облысы көпбалалы аналар саны бойынша республикада көш бастап тұр. Халқымыздың 90 пайыздайы ауылда тұрады. Барлығы өзі еңбек етіп, тіршіліктерін дөңгелетуде. Біз өндірісті дамыту, инвестиция тарту және ауыл шаруашылығына басымдық беріп отырмыз. Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын енгізу тапсырмасымен облысымызда осы бағытта 6-7 зауыт ашылады. Шетелдік инвесторлармен мақта кластерін дамыту бойынша келісім жасалып, жұмыс жүруде. Одан өзге де жобалар жоспарға енгізіліп, жұмыс орындарын көбейтуге күш салынып жатыр. Республикалық бюджетке тәуелді жобалар бар. Сондықтан аймақты дамытуда сіздердің де қолдауларыңыз қажет. Бұл ретте бірлесе жұмыс істейміз деген сенімдемін», – деген Дархан Сатыбалды инвестициялық жобалар туралы кеңінен айтып берді.


ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов бастаған сенаторлар да өз пікірлерін ортаға салып, әлеуметтік маңызы бар, ел нақты талап етіп отырған жобаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Өңірдегі бастамаларды оң бағалап, кәсіпорындар, өндіріс орындарын ашу бағытындағы бастамалардың орынды екеніне тоқталып, өңірді дамытуда бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін атап өтті.


Іссапар барысында сенаторлар өңірдегі шекара бекеттерін, экономикалық және өндірістік аймақтарды, нысандарды аралады.