Ақтауда екі ірі су құбыры жарылды

0
137

Бұл туралы жергілікті Lada басылымы жазды.


Ақтауда екі ірі су құбыры жарылды

ERNUR.KZ. 28 сәуірге қараған түні және сол күні таңертең Ақтауда екі құбыр жарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Біріншісі таңғы сағат 04:00 шамасында болды: 13-шағын аудандағы жолды су шайып жатыр. Ол жол бойында ондаған метрге жайылып, оны оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған.

"ҚЖСА" мемлекеттік кәсіпорны ауыз су құбырында жарылыс болғанын хабарлады. Оны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір тұрғын үй сусыз отыр.

Екінші оқиға таңертең болды: Ақтау тұрғындары 1-шағын аудандағы құбыр жарылғанын айтып шағымданды.

Ақауды "ҚЖСА" МКҚК қызметкерлері жөндеп жатыр. Коммуналдық сала қызметкерлерінің айтуынша, ауыз суды бойынша ешқандай шектеу жоқ.

Коммуналдық компания екі жағдайға да тозған инженерлік желілер себеп болғанын айтып отыр.