​Шымкентте 201 отбасығы тұрғын үй сертификаты берілді

0
334

Әр отбасыға 1млн теңгеге дейін


​Шымкентте 201 отбасығы тұрғын үй сертификаты берілді

Шымкентте жыл басынан бері мемлекеттік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болған тұрғын үй кезегіндегі 201 отбасыға 1млн теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 97 көпбалалы отбасы, 16 толық емес отбасы, 84 ерекше бала асыраушы отбасы, 4 бюджеттік ұйым қызметкері бар.

Тұрғын үй сертификатына өтінімдерді www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылдау жалғасуда.
Бұл жеңілдікке азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алған соң, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады.