​НАУРЫЗ - ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ

0
278

Онкүндік шара аясында бұл күні жаппай ағаш отырғызу шарасын ұйымдастыруды қолға алуында да үлкен мән берілген.


​НАУРЫЗ - ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ

19 наурыз - «Жаңару» күні. Бұл - жаңалықтың, жаңа бастау мен жаңарудың күні. Бұл - өмірдің циклдік сипатын, жаңа жылдың басталуы, сонымен қатар өткенді қарау және болашаққа жоспар құру кезеңі.

Осы орайда биыл Наурыз мейрамында ұлттық ерекшеліктерді қайтадан жаңашаландыру, ұлттық кодты сақтай отырып, озық ой жүйесінде дәстүрді дәріптеуді қолға алу мақсатында 10 күндік ұйымдастырылып, әр күнге тақырып қойылды.
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл, ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алып, арықтарды тазалап, су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егуден бастайды.
Сондықтан, онкүндік шара аясында бұл күні жаппай ағаш отырғызу шарасын ұйымдастыруды қолға алуында да үлкен мән берілген. Бұл жерде жаңадан отырғызылған көшеттер өніп шығып, жеміс бергені сияқты жаңа, тың бастамалар болып, ол өз нәтижесін беріп жатса, ер өміріндегі түрлі салаларда оң өзгерістер болып жатса, демек жаңарудың нәтижесі деген сөз.
Наурыз - салт дәстүрді түгендеу емес, салт-дәстүрді тірілту. «Жаңар» күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Бұл - рухани жаңғырудың үлкен бір белесі. Жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс әкелсін.