«Өнегелі ұрпақ» науқанына кентаулықтар белсене атсалысып жатыр

0
546

Дамудың даңғыл жолындағы еліміздің өркендеуі ауылдан бастау алатынын атап, ауылды көркейту әрбір тұрғынның парызы екенін сөз етті.


«Өнегелі ұрпақ» науқанына кентаулықтар белсене атсалысып жатыр

Кентау қаласында тұрғындар, қоғамдық ұйымдар мен ардагерлер ауыл орталығына тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында Кентау қаласына қарасты екі мың жылдық тарихы бар Қарнақ ауыл тұрғындары, қоғамдық ұйымдар, ардагерлер ауыл орталығына тазалық жұмыстарын жүргізді.


Бүгін де елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы бастау алған. Ауыл тұрғындары ауылдың орталық көшелерін күл-қоқыстардан тазартып, түрлі гүлдер отырғызды.


Аға буындар өнегелі істерімен өскелең ұрпақтарға үлгі беру мақсатында игі істерді жүзеге асырып, ауылды көгалдандыруда, тазалығын сақтауда жастарды белсенді болуға шақырды. Дамудың даңғыл жолындағы еліміздің өркендеуі ауылдан бастау алатынын атап, ауылды көркейту әрбір тұрғынның парызы екенін сөз етті.