Саяхат туралы БІЗ БІЛМЕЙТІН деректер

0
4 616

Бұл әлемде адамдар біле бермейтін дүниелер де өте көп.


Саяхат туралы БІЗ БІЛМЕЙТІН деректер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын оқырман назарына саяхат туралы қызықты деректерді ұсынған едік. Сол мақаланың соңында «Құрметті оқырман, біз бүгін өзіміз айтқан 50 деректің жартысын ғана ұсындық. Қалған жартысын келесі мақаладан біле аласыздар«Құрметті оқырман, біз бүгін өзіміз айтқан 50 деректің жартысын ғана ұсындық. Қалған жартысын келесі мақаладан біле аласыздар» деп жазғанбыз. Енді бүгін сол сөзімізді іске асырып, көп адам біле бермейтін деректер жайлы сөз қозғамақпыз.


26. Әлемдегі ең үлкен бассейн

Күні бойы барған жеріңізді аралап, ал кешке кең бассейнде демалған ұнай ма? Олай болса, Чилидегі Сан-Альфонсо-дель-Мар курортында демалу керек! Себебі мұнда көлемі 244 200 000 литрді құрайтын бассейн бар.


27. Әлемдегі ең көп қонақүй бөлмелері Лас-Вегаста

Әлемнің ойын-сауық астанасы атанған бұл қалада қонатын орын табу өте оңай. Себебі, Лас-Вегаста қонақүйлер саны көп болмаса да, қонақүй бөлмелері өте көп. Сізге 152 000-нан астам нұсқа ұсынылады.


28. Треви қорындағы монеталар

Егер сіз Римге сапар жасасаңыз, әйгілі Треви қорына бірнеше тиын тастап кетіңіз. Суда орналасқан бұл қорға күн сайын 3500 доллардан астам ақша тасталады екен. Бір артықшылығы – мұнда жиналған ақша күн сайын жергілікті қайырымдылық қорларына бөлінеді.


29. Ресей ең үлкен қонақүй бөлмесімен мақтана алады

Егер бір топ адам болып саяхаттайтын болсаңыздар, үлкендеу қонақүй бөлмесін жалдаған жөн. Ал, әлемдегі мұндай бөлме көршілес Ресейдегі Измайлово қонақ үйіне тиесілі екен. Мұнда 7500-ден астам адамды бір мезетте қабылдай алатын бөлме бар екен!

30. Папуа-Жаңа Гвинея – этникалық жағынан алуан түрлі ел

Саяхаттың ең үлкен бағыттарының бірі – жаңа мәдениеттерді зерттеу! Тиісінше Папуа-Жаңа Гвинеяға барған адам осы тәжірибеге қанық бола алады. Себебі, этникалық жағынан әлемдегі ең алуан түрлі ел ретінде танылған мемлекет лингвистикалық тұрғыдан да әр түрлі. Мұнда сіз мыңдаған этникалық топтарды кездестіресіз. Олардың әрқайсысының өз тілі мен әдет-ғұрпы бар.


31. Көлі ең көп ел – Канада

Егер саяхат барысында көлден балық аулауды жоспарласаңыз, Канада елін таңдау керек. Өйткені мұнда барған адам үшін көл тапшылығы болмайды. Дәлірек айтсақ, Канада жерінің жартысын табиғи көлдер алып жатыр. Олардың саны 2 миллионнан асады!


32. Әлемдегі ең биік тау Гавайиде орналасқан

Жоқ, бұл Эверест емес. Гавайи аралында орналасқан Мауна Кеа шын мәнінде ұйықтап жатқан жанартау болып саналады. Оның биіктігін теңіз түбінен бастап есептесе, Эверест шыңынан екі есе биік болады.


33. Сіз ұшақтың есігін аша алмайсыз

Саяхат туралы қызықты деректердің көбі әуе рейсіне қатысты. Соның ішінде аспанда кетіп бара жатып ұшақтың ессігін ашу жайлы аңыз. Яғни бақытымызға орай, сіз ұшу кезінде ұшақтың есігін аша алмайсыз. Себебі, кабинадағы ауа қысымы ұшақтың есігін тығыздап тастайды.


34. Бостандық қоңырауында қате бар

Филадельфиядағы адамдар ең көп баратын орындардың бірі – «Бостандық қоңырауына» тым мән беріп қарамаңыз. Егер солай етсеңіз, штат атауы «Пенсильвания» деп қате жазылғанын байқап қоясыз. Сондай-ақ, бұл атау елдің Конституциясында да дәл солай жазылған. Бұл тұрғыда ғалымдар «екі емле де нысан салынған кезде жарамды болды» деп түсіндіреді.

35. Канада халқы – ең білімді халық

Зерттеулер көрсеткендей, Канада халқының 50 пайызы жоғары білімге ие. Бұл әлемдегі ең үздік көрсеткіш.


36. Оңтүстік Дакотада сиырлар адамдардан төрт есе көп

Оңтүстік Дакота АҚШ-тағы ең ауқымды ірі қара штаты болып саналады. Себебі мұнда адамдарға қарағанда сиырлар төрт есе көп. Егер, осы жерге саяхаттайтын болсаңыз, жолай сырларға жол беріп жүретініңізді ұмытпаңыз.


37. Саяхат шабытты арттырады

Адамдар саяхат барысындағы ерекше әсерлерден мол шабыт алып қайтады. Сонымен бірге позитивті және креативті ойлау қабілетіңіз артады екен. Мұны ғалымдар анықтаған.


38. Неаполь, Флорида – 100 градус

Неаполь жылы, бірақ ешқашан 100 градус ыстық болмаған. Ал, Флорида қаласындағы ең ыстық температура Фаренгейт жерінде тіркелген. Нақтырақ айтсақ, мұнда 1986 жылдың қыркүйегінде 99 градус ыстық орын алған екен. Мұндай құбылыс Буффало, Нью-Йорк және Калифорнияда да болған деседі.


39. АҚШ-тан король сарайын іздеп жүрсіз бе?

АҚШ-тағы жалғыз король сарайы Калифорнияның Гонолулу қаласында орналасқан. Қала орталығында орналасқан Иолани сарайы Гавайи тәуелсіздігінің символы болып саналады. 1882 жылы Калакауа королі салған сарай мемлекеттің соңғы билеуші монархтары, Калакауа королі және оның әпкесі патшайым Лили Уокаланидің үйі болған.


40. Коста-Рика аумағының 25 пайыздан астамы қорғалатын жерлер

Коста-Рикалықтар жерді қорғауға және сақтауға байыпты қарайды. Егер сіз мұнда барсаңыз, жердің төрттен бірінен астамы саябақтар мен қорықтарға арналғанын көресіз. Бұл – үкіметтің ағаш кесуге қарсы батыл әрекеті.

41. Бақытты өрмекшілер тек Гавай аралында тұрады

Егер сіз Ғавай аралдарына барсаңыз, өрмекшілердің тартым келбетіне алданып қалмауға тырысыңыз. Себебі, күлімсіреген бетке ұқсайтын сары және қара өрмекшілер шын мәнінде өте қауіпті. Қуанышқа орай, олар тістей алмайды және улы емес. Сонымен қатар, сіз оларды тек төрт бірдей Гавай аралынан таба аласыз. Олар: Оаху, Молокай, Мауи және Гавайи аралдары.


42. Әр минут сайын 50 ден астам багаж жоғалады

Әлемдегі барлық әуежайларда әр 60 секунд сайын шамамен 56 жеке багаж жоғалады екен. Дегенмен бұл жақсы жаңалық. Себебі бақылау технологиясының жетілдірілуінің арқасында авиакомпаниялар қазір 10 жыл бұрынғыға қарағанда сөмкелерін 70 пайызға аз жоғалтады.


43. Батыстан Шығысқа саяхат

Қайда барсаңыз да реактивті лаг өте жағымсыз, бірақ Шығысқа қарай бет алсаңыз, одан да жаман болуы мүмкін.


44. Диснейлендке қабылдау құны күрт өсті

Өткен күндер жайлы қызықты саяхат деректерін ұнатасыз ба? Disney World алғаш рет 1971 жылы Флорида штатының Орландо қаласында ашылған кезде нысанға кіру ақысы небәрі 3,5 долларды құраған. Ал қазір бұл баға 100 доллардан асып кетті.


45. Үлкен каньонға пошта қашырмен жеткізіледі

Үлкен каньонның кеңдігіне қарап, онда қандай да бір ұжым жұмыс істейтінін болжау оңай. Ал осы бір шағын қызметшілер тобы үшін пошта қызметін қолданудың жалғыз жолы бар – ол қашыр арқылы тасымалдау. Қазір бұл жануарлармен аптасына 6 күн бойы хат тасымалданады екен. АҚШ-тағы бұл маршрут әлі де қашырмен жеткізілетін жалғыз қызмет болып саналады.

46. Ұшу кезінде дәм сезу бүршіктеріңіздің үштен бірі ұйықтап қалады

Ғылыми зерттеулер анықтағандай, адамның дәм сезу бүршіктерінің шамамен үштен бірі биіктікте «ұйықтап» қалады. Тиісінше сіз үшін тағамдардың дәмі өзгеше болып сезіледі.


47. Ұшудың әр сағатында 240 грамм су жоғалтасыз

Әуе рейсімен қатынайтын кезде өзіңізбен бірге су алып, оны ішіп отыруды ұмытпаңыз. Себебі, биіктік айналаңыздағы ауаның құрғауына әкеліп, бұл еріннің жарылуы мен қабыршақты түйіршіктерге ықпал етеді. Өйткені ұшақтағы адам сағатына 240 грамм су жоғалтады.


48. Яп аралы тастарды валюта ретінде пайдаланады

Тынық мұхитының батысындағы Каролин аралдарында орналасқан Яп аралын Микронезия мемлекеті мойындайды. Мұндағы тұрғындар әлі күнге дейін тастарды валюта ретінде пайдаланады. Әр монетаның құндылығы оның мөлшері мен тарихымен анықталады. Сәйкесінше, тастар көптеген салтанатты рәсімдердің, соның ішінде үйлену тойларының тірегі болып саналады.


49. Disney Parks-те 9 метр сайын қоқыс жәшіктері тұрады

Деректерге сүйенсек, Уолт Дисней келушілердің қоқыс тастау процесін бақылап, адамдардың қоқыс тастамас бұрын шамамен 30 қадам жасайтынын анықтапты. Осылайша, қазір бұл нысанда әр 9 метр сайын қоқыс жәшіктері қойылған екен.


50. Саяхат – сізді тартымды ете алады

Саяхат туралы ең қызықты деректердің бірін зерттеушілер анықтаған. Сөйтіп, «көп саяхаттайтын адамдар өздерінің құрдастарына қарағанда тартымды болып көрінеді» деп қорытынды шығарыпты.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


САЯХАТТАУ сіздің ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА 8 түрлі пайдасын тигізеді


САЯХАТ СЫРЫ: Сізді таң қалдыратын 50 дерек