​ТЕРІ астындағы КЕНЕ қауіпті ДЕРТ

0
5 791

Кене қалай пайда болады, емі бар ма, қаншалықты қауіпті? Бұл туралы толық білгеніңіз дұрыс.


​ТЕРІ астындағы КЕНЕ қауіпті ДЕРТ

фото: pillsreal.ru

Демодекс – май бездерінде, тері астында және шаш фолликулаларында тіршілік ететін кене. Тері астындағы мұндай кенені тек микроскоппен көруге болады. Ол кішкентай болғанымен адамдарға үлкен қауіп төндіреді. Ол жыбырлап, мазаңызды алмайды. Есесіне, теріге түрлі әдіспен шығады. Мәселен, бөртпе, безеу, жара... Оны уақытында анықтап емдемесе, жараның орны тесік болып, ажарыңызды құртады.


Кененің пайда болуына:

  • иммунитеттің әлсіздігі;
  • асқазан, ас қорыту жолдарының ауруы;
  • зат алмасудың бұзылуы;
  • гормондық өзгерістер;
  • стресс;
  • жүйкенің сыр беруі;
  • гигиеналық тазалықты сақтамау;
  • нашар экология әсер етеді.

Зерттеушілердің пайымдауынша, мұндай ауруға қалқанша безінде проблемасы бар әйелдер мен қуық астында безі бар еркектер жиі шалдығады екен.

фото: doclvs.ru

Адамға айтарлықтай залал келтіретін бұл кененің күшті қорғаныс қабығы бар. Сондықтан оны емдеу ұзаққа созылады. Оған қоса, қатаң түрде диета, айға/жылға созылған ем және мұқияттылық пен сабырлылық керек.


Егер теріңізде:

  • безеу;
  • бөрту;
  • қышу;
  • тырысу;
  • шарпу;
  • қастың түсуі;
  • мұрынның үлкеюі секілді жайсыздықтар орын алса, онда ДЕРМАТОЛОГ дәрігердің қабылдауына жазылыңыз.

Тері астындағы кенелердің ұзақ уақыт өмір сүруіне қолайлы жағдай жасағанда одан арылу мүмкін болмайды. Сондықтан мейлінше теріні таза ұстау керек. Арнайы сұйықтықпен жуып, күнделікті күтім жасаңыз. Оған қсоа, ағзалардың да саулығына назар аударыңыз. Егер теріңізде жоғарыда жазылғандай өзгеріс болса, онда кененің бар-жоғын анықтау үшін міндетті түрде дерматолог дәрігердің кеңесін алыңыз.

фото: www.pinterest.co.uk


Емдеу жолдары

Егер тері астындағы кенені анықтағыңыз келсе, арнайы тексеру орталығына барасыз. Мұндағы мамандар теріңіздегі жараларды қырнай отырып, анализ жасайды. Оны зерттеу арқылы, сізге толық анықтап береді.


Есіңізде болсын! Сараптама жасататын кезде теріңізге ешқандай косметика қолдануға болмайды.


Дәрігер сараптама қорытындысына қарай қажетті ем-шараларын ұсынады. Теріні тыныштандыратын мазь, крем, гистаминге қарсы дәрілер, арнайы сусабын қолдану керек. Бұл емді дәрігердің бақылауымен үйде үзбей жасайсыз.

Егер қолданғаныңызға аптадан асса да нәтиже байқалмаса, онда дәрігер басқа ем тағайындауы тиіс.

Емді жүргізуден алдын бетіңізді қалақай немесе эвкалипт тұнбасымен жуып аласыз. Артынан пренацид немесе демалан деген мазь жағу керек.

Демалан – тері астындағы кенені өлтіретін керемет мазь. Оған қоса, озонмен және магнитпен емдеу әдісін жүргізесіз.

Бұл ауру қабақ пен кірпікке де айтарлықтай кері әсер етеді. Сондықтан зақым алған қабақ пен кірпікке түйеошаған майын жағып жүріңіз.

Оған қоса, дәрігердің ұсынған трихопол дәрісін де көрсетілген тәртіппен ішесіз. Мәселен, алғашқы он күнде 1 дәріден күніне 3 рет ішесіз. Сосын 3 күн үзіліс жасап, қайтадан 10 күн бойы 1 дәріден күніне 1 рет ішіңіз. Араға 7 күн үзіліс жасайсыз. Келесі 10 күнде тағы да 1 дәріден күніне 1 рет ішіп жүріңіз. Осы күндерде үзбей күніне 3 рет «Бензилбензоат» деген мазь жағасыз.

Осы емді тұрақты түрде үзбей жүргізсеңіз, 14 күнде оң нәтижесін байқайсыз.

Одан бөлек, ем алып жүрген кезде тұзды, ащы, майлы және тәтті тағамдарды шектейсіз.


Аурудың алдын алу үшін немесе қайталап қалмау үшін:

  • жастықтың тысын күнде ауыстырыңыз;
  • бетіңізді қағаз майлықпен сүртіңіз;
  • тек өзіңіздің косметикаңызды қолданыңыз;
  • бас киім мен мойын орағышты жиі жуып жүріңіз;
  • маникюр жасайтын құралдарды спиртпен сүртіңіз;
  • саунаға бармаңыз, күн көзіне көп шықпаңыз.


Тері астындағы кенені емдеу ұзаққа созылады. Темірдей төзім, үзіліссіз ем мен қатаң диета талап етіледі. Дәрігердің нұсқауын бұзбай орындасаңыз, 3 айда керемет нәтижеге қол жеткізесіз. Негізінде толық емделуге 6 ай уақыт кететінін ұмытпаңыз.


Дереккөз: el-klinika.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚАН тобыңызға қарап қандай ДЕРТТЕН сақтану керектігін білесіз бе?


Іш КЕПКЕНДЕ қантқа МАЙ тамызып ЖЕУ керек


Ұнтақталған ЛАВР жапырағы БАУЫРДЫ емдейді