​Картоп пен тартылған еттен өте дәмді әрі ерекше орама

0
773

Бұл тағамды жеп көрмеске болмайды!


​Картоп пен тартылған еттен өте дәмді әрі ерекше орама

Қарапайым қоспалардан дайындалатын ораманың жасалу жолы да оңай. Кешкі немесе түскі асқа таптырмас тағам болары анық!


Қажетті қоспалар:

  • 500 гр. фарш
  • 3-4 дана картоп
  • 150 гр. ірімшік
  • 1 дана пияз
  • 3 тіс сарымсақ
  • 4 ас қасық қаймақ
  • 4 тал аскөк
  • 3 ас қасық өсімдік майы
  • Дәміне қарай тұз, ұнтақталған қара бұрыш.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен картопты аршып, тазалап жуып, майлықтың үстіне жайып қойыңыз. Содан соң кепкен картопты жұқалап әрі дөңгелек қалыпта турайсыз.
  2. Табаға пергамент қағазын салып, оған үккіштен өткізілген ірімшікті жұқалап себелейсіз.
  3. Ірімшіктің үстінен туралған картопты суреттегідей ретпен салып, тұз себелеу керек. Картоптардың арасында ашық жер қалмаған дұрыс.
  4. Картоптың бетіне қалған ірімшікті жайып салып, 180 градусқа қыздырылған пешке салып, 30 минуттай пісіреміз.
  5. Картоп піскен болса, пештен алып, суытып қоямыз.
  6. Енді табаға азырақ май құйып, туралған пиязды салып қуырамыз. Пияз қызара бастағанда фаршты салып, 15 минуттай қуыру керек.
  7. Қуырмаға тұз бен ұнтақталған бұрыш салып, ет піскенше қуырамыз.
  8. Фарш қуырылып жатқанда тұздық дайындап алуға болады. Табаққа қаймақты салып, оған үккіштен өткізілген сарымсақты қосыңыз. Аскөкті майдалап турап, оны да салу керек. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосып, барлығын араластырасыз да, піскен картоптың бетіне жағып шығасыз.
  9. Содан соң табадағы фаршты аударып, жайып шығыңыз. Ең бетіне 50 гр. ірі үккіштен өткізілген ірімшікті себелеуге болады.
  10. Осыдан кейін пергамент қағазының көмегімен картопты орап, 200 градусқа қыздырылған пеште, тағы да 15 минуттай пісіреміз.
  11. Осы уақыт аралығында ірімшік те жұмсап, тұздықтың дәмі орамаға сіңе бастайды.
  12. Дайын ораманы сәл-пәл суыған соң кесіп жей беруге болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Өте дәмді СТЕЙКті үйде пісіріп көріңіз