​Ұнтақталған ЛАВР жапырағы БАУЫРДЫ емдейді

0
7 720

Қалай қолдану керектігі төменде толық жазылған


​Ұнтақталған ЛАВР жапырағы БАУЫРДЫ емдейді

фото: totalbest.ru

Бауыр – адам өміріндегі маңызды ағза. A, B, C, D, K, PP дәрумендері мен фолий қышқылының қайнар көзі. Оның кез келген ауруға шалдығуы немесе зақымдануы бүкіл ағзаның жұмысына теріс әсер етеді. Бауырдың саулығын сақтау үшін түрлі ем-шараларын қолданамыз. Әсіресе, химиялық зияны тимейтін халықтық әдіс түрлі дерттің алдын алады.

фото: web.archive.org

  • 2 шай қасық үгітілген салаубасты (бессмертник) 1 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 1-2 минут баяу отта қайнаған соң қақпағын жауып тұндырып қойыңыз. Шамамен 20-25 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1/3 стақаннан күніне 3 рет ішіңіз.
  • 1 ас қасықтан кекіре (василек), мыңжапырақ (тысячелистник) және салаубас (бессмертник) гүлдерін аралатырасыз. Оны 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 20 минуттан соң дайын болған сусынды 1 стақаннан шай ретінде ішіңіз. Бұл тұнба жалпы жағдайыңызды жақсартып, бауырды аурудан қорғайды.
  • 1 шай қасық қалақай (крапива), 2 шай қасық бидайық (пырей) тамыры мен итмұрын (шиповник) үгіндісін араластырасыз. Оның 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 стақаннан күніне 2-3 рет ішесіз. Емді тамақтанудан алдын жүргізу керек.
  • Асқабақ бауырды қалпына келтіруге таптырмайтын ем екенін білесіз бе? Егер бауырыңыз ауырып ем қабылдаған болсаңыз, онда оны тазарту, қалпына келтіру үшін 500 гр. шикі асқабақ жеуге тырысыңыз. Қайнатып, бұқтырып жесеңіз де болады. Тіпті 1/2 стақан асқабақ шырыны да дертіңізге дауа болады.
  • Жасыл грек жаңғағын 4-6 бөлікке бөліп, 3 литрлік банкінің жартысына дейін саласыз. Үстіне 800 гр. бал мен 1 литр арақ құйып, жақсылап араластырыңыз. ыдыстың қақпағын мықтап жауып, күн тимейтін салқын жерге қоясыз. Арасында қозғап тұруды ұмытпаңыз. Тура 14 күннен соң дайын болған емдік шырынды сүзіп алып, 1 шай қасықтан күніне 2-3 рет ішіңіз. Артынан жалбыз немесе итмұрын шайын ішуді ұмытпаңыз. Бұл ем бауырды, асқазан-ішек жолдарын тазалайды.
  • Бауырды дерттен сақтау үшін 1:2 есебімен сүт пен сыраны араластырып ішесіз. Емді күніне 3 рет тамақтанудан алдын қабылдау керек.
  • 0,5 стақан қызанақ шырынына 0,5 стақан қырыққабат тұздығын араластырыңыз. бұл емдік шырынды 1/3 стақаннан күніне 3 рет ішесіз. Емді тамақтан соң қабылдау керек.
  • Бауырдың ауруын асқындырмау үшін 2 дана жұмыртқаның сарыуызын араластырып ішесіз. Сосын оң қырыңызбен жылы сүлгі немесе жылытқыш қойып жылы оранып жатасыз. 1,5-2 сағат тынықсаңыз, жағдайыңыз жақсарады.
  • 100 гр. лавр жапырағын ұнтақтайсыз. Оған 500 гр. бал, 500 мл су мен 50 гр. таңқурай шәрбатын қосып, отқа күймейтін ыдысқа құясыз. Ыдыстың қақпағын жауып, баяу отқа қоясыз. Дайын болған емдік қайнатпаны 1/3 стақаннан ішіңіз.

фото: fi.pinterest.com

  • 500 гр. бүрген жидегін езесіз. Оны қабатталған дәкемен сүзіп алыңыз. Езбеге 500 гр. бал араластырып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішесіз. Емді тамақтанудан 10-15 минут алдын қабылдау керек.
  • Бірдей көлемде қара тұрып пен балды араластырасыз. Дайын болған емдік сусынды 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан алдын қабылдайсыз. Бұл қоспа созылмалы бауыр мен өт ауруына, асқазан, ас қорыту жолдарына керемет ем болады.
  • Бауырдың тазалау, жұмысын ретке келтіру үшін балғын қауынды көбірек жеңіз. Бұл жеміс бауыр мен несеп жолдарындағы майда тастарды түсіреді. Одан бөлек, іш қату, қаназдық, сары ауру секілді дерттен сақтайды.
  • Балғын лимонды қақ ортасынан екіге бөліңіз. Оны 300 мл қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 10-12 сағаттан соң дайын болған емдік сусынды аз-аз жұтымнан ашқарынға ішесіз. Бұл бауырды жаңартып, өсіруге қабілетті.
  • 500 мл қайнаған суға 50 гр. үгітілген пістені араластырып ішіңіз. Дайын болған емдік сусынды 3-4 рет бөліп ішесіз. Бұл бауырды қалпына келтіріп, асқазан, ас қорыту жолдарына таптырмайтын ем болады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: m.ilive.com.ua


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚАН тобыңызға қарап қандай ДЕРТТЕН сақтану керектігін білесіз бе?


Іш КЕПКЕНДЕ қантқа МАЙ тамызып ЖЕУ керек


БАС ауруын лимонның ҚАБЫҒЫ қойдырады