Жеңіл атлеттеріміз Азия чемпионатынан төрт медаль жеңіп алды

0
587

Сары құрлық додасы 27 сәуірде мәресіне жетеді.


Жеңіл атлеттеріміз Азия чемпионатынан төрт медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар спортшылар 4 медаль жеңіп алды, деп жазады inform.kz.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясы мәлім еткендей, кеше Фаина Мейірманова биіктікке секіруден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол 1 метр 76 сантиметр көрсеткішпен өзінің жеке рекордын жаңартты.

Ал бүгін сырықпен секіруден қыздар арасындағы сында Анна Черкашина да ел қоржынына күміс жүлде сыйлады. Соынмен қатар тағы бір отандасымыз Иван Сенин онсайыстан үздік үштікке енді.

Сондай-ақ, 400 метрге жүгіруден қыздар арасындағы бәсекеде Мария Шувалова қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, аталған Азия біріншілігі 24 сәуірде басталған болатын. Құрлық додасына 30-дан аса елдің өкілдері жиналған. Қазақстан намысын жалпы есебі 42 спортшы қорғауда.

Сары құрлық додасы 27 сәуірде мәресіне жетеді.