​Күнде СҮЗБЕ жесеңіз қандай АУРУДЫҢ алдын алатыныңызды білесіз бе?

0
8 052

Кімге, қашан және қанша жеу керек?


​Күнде СҮЗБЕ жесеңіз қандай АУРУДЫҢ алдын алатыныңызды білесіз бе?

фото: Яндекс.Дзен

Сүт өнімдерінің пайдалы қасиетін бәріміз де білеміз. Құрамы дәрумендер мен минералды заттарға бай бұл азықтар адам ағзасына, саулығына өте пайдалы. Әсіресе, сүзбенің пайдалылығынан бөлек емдік қасиеті де орасан зор.


Егер күнде 200 грамм сүзбе жесеңіз:

  • сүйектің саулығы артады;
  • зат алмасуды жақсартады;
  • қандағы қант деңгейін реттейді.

Бұдан да бөлек шипалы қасиеті бар. Атап айтқанда:


Зат алмасуды реттейді

Сүт өнімінің құрамындағы дәрумендер зат алмасуды реттейді, ағзаны көмірсумен қуаттандырады. Мәселен, B12 дәрумені мидың жұмысын жақсартып, темірдің, майдың, ақуыз бен аминқышқылының оңай қорытылуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде ішкен-жеген тамағыңыз оңай қорытылып, асқазан мен ішек жолдарының жұмысын жеңілдетеді. Сүзбе жеген адам өзін сергек әрі ширақ сезінеді.


Артық салмақтан арылтады

Егер күнде үзбей сүзбе жейтін болсаңыз, айтарлықтай салмақ тастайтыныңызға көзіңіз жетеді. Өйткені сүзбе зат алмасуды жақсартады, ішектің жұмысын жеделдетеді. Тіпті физикалық жаттығусыз-ақ қанша салмақты жоғалтатыныңызға сеніңіз.

Шын мәнінде мінсіз мүсінге ие болғыңыз келсе, күнде 200 грамм сүзбе жеуге әдеттеніңіз.


Әйелдің денсаулығын жақсартады

Гинeкoлoг дәрігердің өзі әйел кісілерге сүзбені үзбей жеуге кеңес береді. Оның құрамы ақуызға, кaльций элементіне және D дәруменіне бай. Бұл пайдалы заттар еттеккірдің уақытылы келуіне, гормондардың дұрыс бөлінуіне тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар, сүт безін қатерлі ісік ауруынан сақтайды.


Бұлшықетті қатайтады

Сүзбе казеин ақуызына бай. Бұл зат өз кезегінде бұлшықеттің көлемін үлкейтіп, қатайтады. Сондықтан да көптеген спортшылар ұйқыға жатар алдында сүт өнімдерін жеуге әдеттенеді. Сонда құрамындағы аминқышқыл тіке қанға қосылып, бұлшықет қажетті нәрлендіретін затпен байытылады.


Сүйекті нығайтады

Өздеріңіз білетіндей, сүзбе кальций элементінің қайнар көзі. Бұл минералды зат тіс пен сүйекке өте пайдалы. 200 грaмм сүзбе жесеңіз, ағзаңызды бір тәулікке қажетті 28 пайыз мөлшеріндегі кaльциймен қамтиды. Сондықтан да сүзбені көбірек жеңіз. Әсіресе, кішкентайларға үзбей жегізіп отырыңыз.

Ал жүкті әйелдерді ocтeoпoрoз ауруынан қорғайды әрі жүйке жүйесін тынықтырады.


Қанттың мөлшерін қалыпқа түсіреді

Сүзбенің адам ағзасына тағы бір пайдасы – қандағы қанттың мөлшерін реттейді. Бұған сүт өнімінің құрамындағы мол мaгний элементі ықпал етеді. Мейлінше, 2-ші топтағы қант диабетімен ауыратындарға сүзбені көбірек жеңіз деп кеңес береміз.


Жүрек ауруынан сақтайды

Сүзбенің құрамындағы мaгний тамырға өте пайдалы. Сүзбені үзбей жеу арқылы қан қысымын қалпына келтіресіз, жүрек талмасының алдын аласыз және инcульт алудан сақтанасыз.


Мидың жұмысын жақсартады

Сүзбенің құрамындағы кaлий адамға тыныштық сыйлайды. Жүйке жүйесін тынықтырып, мидың қан айналымын жақсартады. Егер сіз сүзбені күнделікті таңғы, түскі немесе кешкі ас ретінде үзбей жейтін болсаңыз, онда миыңыз оянады, жасарады, жедел түрде жұмыс істейді. Одан бөлек, ойлау, пайымдау қасиетіңіз артады.


Ендеше, аталған аурудың алдын алып, саулығыңызды жақсартқыңыз келсе, міндетті түрде сүзбе жеуге әдеттеніңіз. Сүзбе – тамақ әрі емдік қасиеті мол дәрі де болмақ.


Дереккөз: joinfo.com


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Асқабақ ДӘНІ мына 10 ауруға ЕМ болады


ЗІМБІР шайы қандай АУРУДЫ емдейтінін білесіз бе?


МИ тамырларын ТАЗАЛАУ арқылы МЫНА аурудан айығасыз