​«Үшеуміз ғана, тып-тыныш кеттік»: перзентханадан шыққан Ерке Есмаханды жақындары ерекше құрметпен қарсы алды

0
1 288

Жұлдызды жұп балаларына Ислам деп ат қойды


​«Үшеуміз ғана, тып-тыныш кеттік»: перзентханадан шыққан Ерке Есмаханды жақындары ерекше құрметпен қарсы алды

Жақында ғана екінші сәбиін дүниеге әкелген Ерке Есмаханды күйеуі Райм перзентханадан шығарып алды.


«Өзіміз киініп, бөпені киіндіріп, дәрігерлерге алғысымызды айтып, заттарымызды алып, үшеуміз ғана тып-тыныш перзентханадан шыға қойдық. «Қазақ еліне +1 батыр» деген жаңа көлігімізбен жігітті үйге әкелдік. Көтенайды әжелері айналып, толғанып, суға түсіріп, майлап, бар жағдайын жасап жатыр» деп жазды Ерке «Инстаграмына».


Ерке мен ұлын Оралдан арнайы келген ата-енесі, ағасы мен анасы шашу шашып күтіп алды. Еркеге енесі ерекше гүл сыйлады. Ал нәрестенің бөлмесін мыңдаған жұмсақ қонжық ойыншықпен Раймның өзі безендіріпті.


Бүгін Еркенің туған күні. Осыған орай түнгі 12-де әншіні ата-енесі, жолдасы, үлкен ұлы мен анасы арнайы құттықтап ақ тілегін жаудырды. Немере сыйлағаны үшін қайын атасы гүл шоғын ұсынды.


Жұлдызды жұп ұлдарына Ислам деген есімді таңдапты. «Райымбекұлы Ислам» деп жазды Райм өзінің жеке парақшасына.


Еркені қос қуанышымен құттықтаған оқырмандары жетерлік. «Өте қарапайым екенсіздер, улатпай-шулатпай, сәбидің тыныштығын ойлап, аман-есен үйлеріне барыпты», «Шығын да, ысырап та жоқ, жарайсыңдар! Кезінде өсектеп, оңды-солды әңгіме айтып едіңдер, енді ел осы екеуінен үлгі алсын!», «Кішкентай Райм мен Еркелер келе берсін, балапанның артынан ере берсін!» деп тілек жазды көпшілік.