Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттай ма – Сауда министрінің жауабы

0
262

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өзгеріссіз болды7


Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттай ма – Сауда министрінің жауабы

ERNUR.KZ. Сауда министрі Арман Шаққалиев Астанада өткен брифингте «қазақстандықтар Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттайтынына дайын болуы керек пе?» деген сұраққа жауап берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазақстанда баға мониторингін Ұлттық статистика бюросы жүргізеді, біз бұл деректерді үнемі қолданамыз. Кейінгі мәліметтерді айтайын. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өзгеріссіз болды. Онда 19 позиция бар екенін еске сала кетейін. Жай ғана өзгеріс жоқ. Жаңа жылдық қоржынға қатысты дастарханның баға индексіне сай белгілі бір болжам бар. Біз шартты түрде 37-ге жуық тауарды алдық. Кейбір позицияда белгілі бір өзгеріс бар. Мысалы, жұмсақ қаптамадағы сүт, мандарин, шампан сияқты», - деді министр.

Арман Шаққалиев бағаның көтерілу себебін айтты.

«Шамамен 10,3% жылдық инфляциямыз бар. Жаңа жылдық қоржын үшін ол шамамен 10-10,7% болады. Иә, өзгерістер бар. Бәріміз Жаңа жылда әрдайым тойлаймыз. Бұл - маусымдық кезең. Оның ішінде мереке қарсаңында бағаның өскені байқалады. Дегенмен оның индекстер шегінде белгілі бір мәні бар», - деп түсіндірді Сауда министрі.