Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарға үндеу жасады

0
212

Тәулік бойы агенттіктің тегін 1424 Call-орталығының нөміріне хабарласуға болады.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарға үндеу жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарға үндеу жасады. Азаматтарды сыбайлас жемқорлық және бопсалау деректері бойынша ведомствоға хабарласу сұралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті азаматтар! Азаматтарға су тасқыны салдарынан келтірілген залалды өтеуге байланысты алаяқтықтың, теріс пайдаланудың және бопсалаудың барлық ықтимал деректері бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың басқа да деректері бойынша тәулік бойы агенттіктің тегін 1424 Call-орталығының нөміріне, @antikorkz_bot чат-бот кері байланыс арналарына, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелерінің нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.