Су тасқынында жылқысынан айрылған балаға депутат тұлпар сыйлады

0
229

Үш жасар Бекарыстың енді «Нұржебе» деген тұлпары бар.


Су тасқынында жылқысынан айрылған балаға депутат тұлпар сыйлады

Ақтөбе өңіріне барған мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Қазыбек Әлішев су тасқыны кезінде Ханторы деген тұлпарынан айырылған үш жасар Бекарысқа жылқы мінгізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұлпардың аты- «Нұржебе». Өз кезегінде депутат Аманжол Әлтай бүлдіршінге батасын беріп, жыр шумақтарын арнады.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы Ойыл ауданына қарасты Екпетал ауылында бәйгеге шауып жүрген аттың суда тұрған видеосы тараған болатын.

Атының суда тұрғанын көрген балақай әкесіне аудиожазба жолдап, "Ханторыны құтқар" дейді. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тез тарап, көптің жүрегін ауыртқан болатын.