Шығын 1 миллиард теңгеден асады: қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

0
399

Қылмыстық іс сотқа жіберілген.


Шығын 1 миллиард теңгеден асады: қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

ERNUR.KZ. ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Капитал Мечты" ЖШС қаржы пирамидасына қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады, деп жазады tengrinews.kz.

ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10 пайыз төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды.

"Қаржы пирамидасының басшысына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы соммасы 1 миллиард теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс сотқа жіберілген.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.