СҚО-да педофилдің кінәсі 9 айдан кейін ғана дәлелденді: ол 8 жылға сотталды

0
336

Оқиға 2023 жылдың 1 маусымында болған.


СҚО-да педофилдің кінәсі 9 айдан кейін ғана дәлелденді: ол 8 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты кәмелетке толмағандарға арсыз әрекет жасаған ер адамның кінәсін дәлелдеп, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы «Немолчи» қоғамдық бірлестігі мәлім етті, деп жазады Azattyq Ruhy.



Белгілі болғандай, ол осыған дейін де осы бап бойынша жауапқа тартылған. Бірақ КСРО уақытында. Ол өзінің заңды бұзып жатқанын біліп, әдепсіз әрекеттерін жасап, кішкентай қыздардың ізіне түскен.

Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Алайда үкім заңды күшіне енген жоқ. Апелляция болады.

Оқиға қалай болды?

2023 жылдың шілде айында «Немолчи» қоғамдық бірлестігіне қыздардың бірінің анасы хабарласқан.

«Дина, сәлем! Әрине, сізде бізден әлдеқайда қорқынышты және маңызды істер көп екенін түсінеміз. Бірақ біз сізге мынаны хабарлағымыз келеді. Биыл 1 маусымда үйіміздің ауласында сағат 15.00 шамасында екі қызды (қызым мен оның құрбысы, екеуі де 2013 ж.т.) қарт кісі жыныс мүшелерін шығарып, жыныстық қатынастың белгілерін көрсеткен. Қыздарға қарап, ерсі әрекеттер жасаған. Аулада басқа ешкім болған жоқ, себебі ауа райы өте ыстық болатын. Қыздар алғашында бұны көрмегендей кейіп танытып, ауладағы басқа жерге кеткен. Бірақ бірнеше минуттан кейін ол жақынырақ келіп, әрекетін жалғастырған. Үшінші ретте тым қатты жақындағаннан кейін олар қашып, маған қоңырау шалды», - дейді «Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Дина Таңсәрі.

Қыздардың туыстары қылмыскер ұсталып, тергеу басталады деп полицияның әрекетін күткен. Бірақ іс «дәлелдердің жоқтығынан номенклатураға жіберілгені» белгілі болды.

2023 жылдың 23 шілдесінде жарияланғаннан кейін және прокуратура мен полицияға өтінішімізден кейін тергеу басталды. Тоғыз айдан кейін үкім жарияланды.