Шартты түрде сотталғаны ескі Қазақстан ықпалының әлі де бар екенін көрсетеді – Мәжілісмен

0
756

Назарбаевтың жиені Самат Әбіш Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.


Шартты түрде сотталғаны ескі Қазақстан ықпалының әлі де бар екенін көрсетеді – Мәжілісмен

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің шартты түрде сотталғаны ескі Қазақстанның ықпалының көрінісі екенін айтты, деп жазады stan.kz.

“Оның шартты түрде сотталғаны – күлкілі жағдай. Мұндай үкім мен шешімді ешқашан естімеппін. Сегіз жыл! Одан да 3 жылға бас бостандығынан айыру керек еді. Онда түсінуге болады. Бұл жағдайдан ескі Қазақстанның әлі де ықпалы екенін байқауға болады. Егер Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі Қантар оқиғаларына қатысты барлық жедел істермен айналысатын мұндай лауазымды тұлғаны қорғаштайтын болса ескі Қазақстанның дәуірі жүріп тұр деген сөз”, – дейді Ермұрат Бапи.

Еске салайық, Назарбаевтың жиені Самат Әбіш Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Қаңтар оқиғасына дейін оның есімі бейресми түрде Қазақстан президенті лауазымына негізгі үміткерлер қатарында болды.