Ресейлік журналист шешен мен ингуш ұлты атынан қазақ халқына алғыс айтты

0
523


Ресейлік журналист шешен мен ингуш ұлты атынан қазақ халқына алғыс айтты

Ресейлік журналист Саид Бицоев шешен мен ингуш ұлты атынан барша қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

Құрметті, қазақ ағайындар!


Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

Біз 1944 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстанды паналаған шешен-ингуштардың тікелей ұрпағымыз. Ол кезең біздің ата-бабаларымыз үшін ең қиын сәттердің бірі болып, қақаған қыста далаға лақтырылып, өліммен бетпе-бет келген.

Ал, сол кезде қазақ халқы өздері сталиндік саясаттың ауыр зардаптарынан айыға қоймаса да, ауыр жағдайға ұшыраған кавказ халықтарына көмек қолын созды. Тіпті, миллиондаған қазақты НКВД ұстап әкетіп, сталиндік саясаттың құрбаны болып жатса да бізге жылышырай танытты.

Себебі, дана қазақтар шешен, ингуш және басқа да жер аударылған халықтардың өздері сияқты құрбан болғанын түсінген. Сондықтан біз де кейбір сәттерде қолымыздан келгенше көмектесуге және қолдауға тырысып, біріге атқарған жұмыстардың нәтижесінде ондаған мың адам өлімнен аман қалды.

Ғасырлар өтеді, бірақ қазақтардың адалдығы, батылдығы мен тектілігі туралы естеліктер мәңгі жүрегіміз бен жадымызда сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді.

Біз қашан да қазақ халқымен біргеміз!
Қашан да қазаққа бауырлас халықпыз!
Рахмет, қымбатты қазақ жұрты!
Сіздер құтқарған шешендер мен ингуштар әрдайым тағзым етеді!
Қазақстан мәңгі бейбіт болып, өркендей берсін!
Ержүрек және асыл текті қазақ халқы бақытты өмір кешсін!

Құрметпен, шешен және ингуш халқы.
Мәскеу.”- деп жазды парақшасында.





Журналист Қазақстан халқына үлкен алғысын білідіріп, репрессия жылдарындағы қазақ халқының көрсеткен мейрім қамқорлығына разылығын білдірді.