Министр Аймағамбетов қай клуб пен футболшының жанкүйері екенін айтты

0
494

Аймағамбетовтың ПСЖ клубының әлеуметтік желісіне жазылуына Мессидің трансфері себеп болған.


Министр Аймағамбетов қай клуб пен футболшының жанкүйері екенін айтты

ERNUR.KZ. Ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аргентиналық Лионель Мессидің жанкүйері екенін мойындап, ұнайтын футбол клубтарын атады, деп жазады Vesti.kz.

Аймағамбетовтың ПСЖ клубының әлеуметтік желісіне жазылуына Мессидің трансфері себеп болған. Кейінгі бір жыл министр париждік клубтың ойындарын тамашалап жүр екен.

"Мен "Барселона" мен Мессидің жанкүйерімін. Месси ПСЖ-ға ауысқалы осы клубтың ойындарын да көретін болдым", - дейді Министр.

Сонымен қоса, ол АПЛ-де "Манчестер Сити" матчтерін көреді. Ал қазақстандық командалар арсында біраз жылдан бері "Шахтер" ойындарын тамашалайтын болып шықты.