Мемлекет басшысы Матенадаран көне қолжазбалар институтына барды

0
217

Мемлекет басшысы әлемдегі ең ірі қолжазбалар қорының бірі саналатын мекеменің жұмысымен танысып, көне мәтіндерді қарады.


Мемлекет басшысы Матенадаран көне қолжазбалар институтына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға ресми сапары аясында Ұлттық жиналыс төрағасы Ален Симонянмен бірге Месроп Маштоц атындағы Матенадаран көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы әлемдегі ең ірі қолжазбалар қорының бірі саналатын мекеменің жұмысымен танысып, көне мәтіндерді қарады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми-зерттеу институтында сақтаулы тұрған қыпшақ қолжазбалары көрсетілді.

Соңғы жылдары армян ғалымдарының көмегімен Матенадаран қорынан Орталық Азия және Қазақстан тарихына қатысты 40 көне еңбектің көшірмелері алынды. Биыл институт қыпшақ тіліндегі қолжазбалар жинағын шығаруды жоспарлап отыр.

Матенадаран ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген әрі армян халқының ұлттық ескерткіштері сақталған маңызды мекемелердің бірі саналады.