Мәжіліс депутаты жұмыста ерекше үзіліс енгізуді ұсынды

0
905

Парламенттің төменгі палатасында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасының жаңа редакциясы таныстырылды.


Мәжіліс депутаты жұмыста ерекше үзіліс енгізуді ұсынды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов кәсіпорындар мен мекемелерде "дене шынықтыру үзілісін" енгізуді ұсынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Кәсіпорындарда, зауыттар мен мекемелерде жұмыс күні "дене шынықтыру үзілісін" ұйымдастыруды ұсынамыз. Өндірістік гимнастика енгізу керек", - деді депутат мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасының жаңа редакциясын таныстыру барысында.

Сонымен қатар, мәжілісмен 14 жастан бастап ұлдарды толық скринингтен өткізуді ұсынып отыр.

"Кеңес одағы заманында және одан кейін, 2011 жылға дейін дәрігерлер 14 жастағы ұлдарды бастан-аяқ тексеріп шығатын. Яғни, әскерге алынғанға дейін толық скринингтен өткізілді. Қазір бұл практика Ресей, Өзбекстан, Беларусьте сақталды. Ал біздің елде жоқ. Өткен жылы ұлттық ұланнан 400 адам қуылған (денсаулық жағдайына байланысты). 14 жастан бастап толық скринингтен өткізуді қайта енгізу керек шығар, бәлкім", - деді Тасболатов.