Құлсарыда су тасқыны кезінде жоғалған әке мен бала 4 күннен бері табылмай жатыр

0
195

Жоғалған азамат 1976 жылы, ал оның ұлы 2000 жылы туған.


Құлсарыда су тасқыны кезінде жоғалған әке мен бала 4 күннен бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Атырау облысында су басқан баспанасын қарауға кеткен әкесі мен баласы әлі табылған жоқ. Құтқарушылар оларды 4 күннен бері іздеп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 1976 жылы туған азамат пен оның 2000 жылғы ұлы Жылыой ауданы Құлсары қаласы төртінші ықшам ауданы, Автодорожник көшесі, «Grand Hall» мейрамханасының қасында орналасқан үйін қарауға кеткен.

«6 сәуір күні сағат 17:52-де із-түзсіз жоғалғанадар туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар аталған мекен-жайға дереу аттанған. Үйдің есігі пенамен бекітілгені анықталды. Сол күні сағат 20:57-де құтқарушылар 5 қайық пен техниканы (трэкол) жұмылдырылып, тәулік бойы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деп жауап берді Атарау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ТЖД 6 сәуір күні Құлсары қаласында үйлерді су басқан соң шақырту көп болғанын хабарлады.

«Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап 7 сәуірге дейін 26 467 тұрғын, оның ішінде 5976 бала эвакуацияланды», - делінген хабарламада.