Қостанайда төтенше жағдай режимі енгізілді

0
540

Қала әкімі су басу қаупі жоғары аймақтарда тұратын азаматтады алдын ала эвакуация жасауға шақырып, үндеу тастады.


Қостанайда төтенше жағдай режимі енгізілді

ERNUR.KZ. 6 сәуірде арнайы брифинг барысында Қостанай әкімі Марат Жүндібаев қалада ТЖ режимі енгізілгенін жариялады, деп жазады zakon.kz.

Қала әкімі су басу қаупі жоғары аймақтарда тұратын азаматтады алдын ала эвакуация жасауға шақырып, үндеу тастады.

"Ауланы су басқанша күтіп отырудың қажеті жоқ. Жұрт: "Бізде ондай болмаған, әрқашан тек бақтарды, тіпті су көтерілсе іргетасқа дейін барады" дегенді айтып жүр. Жоқ, екі есе су..., тіпті одан да көп келе жатуы ықтимал. Бүгін түскі уақытта бірінші су келіп қалады, ал кешке қарай тағы екіншісімен толығуы мүмкін", - дейді әкім "Наша газета" жергілікті басылымында жарияланған видеода.

Айта кетсек, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 6 сәуірде Ресейдің Орск қаласында Урал (Жайық) өзеніндегі дамбаның жарылуына байланысты мәлімдеме жасады. "Орынбор облысының шығысында Қостанай облысына жақын орналасқан, ескі қалада бұзылған бөгет қазіргі уақытта БҚО үшін қауіп төндірмейді. Жағдай бақылауда", - деді ҚР ТЖМ.