Қостанайда құрылыс алаңында жұмысшыға блоктар құлап кетті

0
405

Ер адам дереу облыстық ауруханаға жеткізілді.


Қостанайда құрылыс алаңында жұмысшыға блоктар құлап кетті

ERNUR.KZ. Оқыс оқиға жаңадан салынып жатқан "Австрийский" тұрғын үй кешенінің аумағында болды, деп жазады baq.kz.

"Наша Газета" сайтының мәліметінше, Қорған және Қайырбеков көшелерінің қиылысындағы салынып жатқан "Австрийский" тұрғын үй кешенінде жұмысшыға төбеден блоктар құлап кетті.

Құрылыс алаңында түсірілген видеода бір топ адамның құрылыс алаңында блоктарды асығыс алып тастап ер адамды құтқаруға әрекет етіп жатқанын көруге болады.


Ер адам дереу облыстық ауруханаға жеткізілді. Жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен адам көп жарақат алған.