Көліктен полицей мен тұрғын өлі табылды: алдын ала себеп жарияланды

0
328

Көлік жуу орнында Audi A6 көлігінен 28 және 29 жастағы екі ер адамның мәйіті табылған.


Көліктен полицей мен тұрғын өлі табылды: алдын ала себеп жарияланды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының полициясы Есіл қаласында көліктен табылған екі ер адамның өлімінің алдын ала себебін атады, - деп жазады tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, 5 наурызда сағат 08:05-те Есіл аудандық полиция бөліміне Есіл қаласындағы көлік жуу орны аумағында Audi A6 көлігі салонынан екі ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Ақмола облысының Полиция департаменті марқұмдардың бірі полиция қызметкері екенін растады.

"Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бұған дейін олар түнде көлік жууға кіріп, ұйықтап кеткенін анықтады. Ешқандай зорлық-зомбылық ізі табылмады. Сараптама тағайындалды. Өлімнің алдын ала себебі - көмірқышқыл газынан улану", - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.

Еске салайық, бұған дейін Есіл қаласында (Ақмола облысы) көлік жуу орнында Audi A6 көлігінен 28 және 29 жастағы екі ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Олардың бірі полиция қызметкері екені айтылды.