Кімдерге моншаға түсуге болмайды? – Мамандар ыстық моншаның пайдасы мен зияны туралы айтты

0
786

Монша иммунитетті көтерді, бірақ тұмауды емдемейді.


Кімдерге моншаға түсуге болмайды? – Мамандар ыстық моншаның пайдасы мен зияны туралы айтты

Моншаның барлық аурудың алдын алып, иммунитетті көтеретіні рас па әлде аңыз ба? Мамандар моншаның кімдерге қауіпті екенін айтты, деп жазады Stan.kz.

Моншаның адам ағзасына пайдалы екені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Алайда моншаға байланысты шектеулер де жоқ емес. Мысалы, мамандардың айтуынша, созылмалы ауруы бар адамдардың моншаға түспегені жөн.


Монша иммунитетті көтерді, бірақ тұмауды емдемейді.

Көпшіліктің моншаға түсіп, демалғанды ұнатататыны жасырын емес. Онысы да бекер емес. Монша иммундық жүйені жақсартады. Бірақ көбі ойлағанда тұмауды емдемейді.

Ондай кезде бірден дәрігерге көрініп, толық сауыққанша моншаға баруды кейінге қалдыра тұрған абзал. Сондай-ақ, ем шараларын алып, сауыққан соң кем дегенде екі апта монша, сауна сияқты ыстық жерге бармаған дұрыс. Себебі толық жазылмай, ағзада қалып қойған ауру ыстықтан қайта асқынуы мүмкін.


Монша мастықтан айығуға көмектеседі, бірақ қатты шөлдетеді.

Дәрігер Шварцманның айтуынша, адам моншаға түскенде тер бездері белсенді жұмыс істеп, термен бірге ағзадан токсиндер мен ауыр металдар сынды зиянды заттар шып, бауыр мен бүйректің жұмысының жақсаруына көмектеседі.

Гастроэнтеролог Алексей Парамонов адам моншада қатты терлейтіндіктен, мастықтан айыға алатынын айтады.

“Мас адамның басы, буындары мен бұлшықеті ауырып, сырқырайды. Ыстық монша сондай ауырсынуларды жеңілдетеді. Алайда моншада адам көп терлейтіндіктен, сәйкесінше оны шөл қысып, денесінен шыққан терден де көп мөлшерде су ішеді.

Сондай-ақ адам терлегенде калий, натрий сынды ағазадағы микроэлементтерді жоғалтады. Олардың орнын көп мөлшерде су ішіп, толтыруға болады.


Монша жүрек-қан тамырлары жүйесіне оң әсерін бергенімен, жүрегі ауыратын және гипертониялық науқастар үшін зиян.

Парамоновтың айтуынша, ғалымдар монша атеросклероздың және холестеринді түйіншектердің пайда болу қаупін азайтатынын дәлелдеді. Сондай ақ монша жүрек-қан тамырларына пайдалы.

Егер сіз қандай да бір аурумен, әсіресе созылмалы аурумен ауыратын болсаңыз, мысалы, гипертония, қояншық ауруы, қан аздығы, гепатит, терінің немесе жыныс жүйесінің ауруы, сіз жүрек ұстамасына шалдыққан немесе өзгеде жүрек ауруымен ауырған болсаңыз сізге моншадан бас тартқаныңыз жөн.

Моншаға бару орташа қарқынды жаттығы жасағанмен бірдей.

Ыстық моншада адамның қан тамырлары кеңейіп, қан қысымы төмендеп, жүрек қатты жиырыла бастайды. Бұл қан айналымын жеңілдетеді. Бу бөлмесіне бірнеше рет барғаннан кейін сау адамның импульсі кардио жаттығулары кезіндегідей минутына 140 соғуы мүмкін.

Сау адамның ағзасы мұндай қысымға тез бейімделіп кетеді. Тыныштықта жүрек қағысы қайта өз қалыпына келеді. Ал жүрек аурулары секілді созылмалы ауруы бар адамдарда мұндай механизм жоқ.

Кардиолог қан қысымы жоғары адамдар моншада сақтық шараларын сақтай отырып демалу керегін айтады.

Шварцтың айтуынша, гипертониялық науқастардың тамырлары сау адамдікіндей серпімді болмайды, ал капиллярлары нәзік келеді.

Гипертониямен ауыратын адамдар моншаға, әсіресе, бу бөлмесіне кірер алдында қан қысымын өлшеу керек.

Дәрігер миокард инфарктісінен зардап шеккендерге, сондай-ақ тахикардия, ауыр қан тамырлары склерозы, анемия, ойық жара, қан кету белгілері, қатерлі ісіктер, эпилепсия және туберкулез белгілері бар адамдарға моншаға түсуге тыйым салады.


Монша буынның қабынуын болдырмайды, бірақ өлімге әкелетін тромбоз тудыруы мүмкін.

2018 жылы Mayo Clinic қызметкерлері монша мен саунаның ағзаға әсері туралы ондаған зерттеулерге талдау жасады. Ғалымдар моншаға үнемі бару нейрокогнитивтік және өкпе ауруларының даму қаупін азайтады, артритпен ауыратын науқастардың жағдайын жақсартады деген қорытындыға келді. Сондай-ақ моншаға бару псориаздың асқынуын алдын алады.

Бірақ бақыланбайтын қант диабетімен ауыратын науқастар моншаға барса оның ацидоз түріндегі ауруы асқынып кетуі ғажап емес. Бұл дегидратацияға, қан ұюының жоғарылауына, жүрек соғысына және шеткергі артериялардың тромбозына әкеліп соғады.

Medical On Group компаниясының флебологы және тамыр хирургі Павел Волков ота жасауды қажет ететін варикозды веналары бар адамдарға моншада көп мөлшерде су ішуге кеңес береді. Себебі ағзадағы сұйықтықтың жетіспеушілігі тромбозға немесе өкпе артерияларының өлімге әкелетін тромбоэмболиясын тудыруы мүмкін. Мұндай науқас алдымен ота жасатып, бір ай оңалту кезеңінен өтіп барып, моншаға емінеркін бара алады.


Жүкті әйелдер де сақтық шараларын сақтай отырып, моншаға барғаны жөн.

2018 жылы Сидней ғалымдары “British Journal of Sports Medicine” журналында жариялаған мақалада жүкті әйелдер үшін, әсіресе алғашы тирместрде моншаның қауіпі жайлы аңыз әңгімелерді жоққа шығарды. Бұрын дәрігерлер әйелдің дене температурасының айтарлықтай жоғарылауы ұрықтың миының дамуына кері әсер етеді деп сендірген.

Саунадағы 347 әйелдің дене температурасын өлшеп, 12 зерттеуді талдағаннан кейін ғалымдар сауна мен моншаға барған кезде әйелдің дене температурасы орта есеппен бір жарым градусқа көтерілді деген қорытындыға келді.

Ғалымдар мен дәрігерлер дені сау адамдарға төмендегі сақтық шараларын сақтаған жағдайда моншаға баруға кеңес береді:

  • Мас күйде моншаға бармау;
  • Құлап қалмас үшін сырғанайтын аяқ киім кимеу керек;
  • Созылмалы аурулары бар науқастар дәрігермен кеңесіп барып моншаға барғаны жөн.