Қазақстандағы ең ұзын бойжеткен: 17 жастағы арудың бойы көпшілікті таңдандырды

0
653

Мектепте қыз бокс секциясына барады, волейбол мен шахматты жақсы ойнайды.


Қазақстандағы ең ұзын бойжеткен: 17 жастағы арудың бойы көпшілікті таңдандырды

ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы 17 жастағы Аружан өзін Қазақстандағы ең ұзын бойжеткен санайды. Арудың бойы 1 м 95 см-ді құрайды, деп жазады stan.kz.

Бойжеткен дене шынықтыру мамандығы бойынша жергілікті колледждің екінші курсында оқиды. Оқумен қатар, қыз еріктілер жұмысына да атсалысады екен.

"Отбасымызда жеті ағайындымыз. Мен бесіншімін. Бойым әкемдікіндей 1 м 95 см. Екі ағамның да бойы ұзын. Бірақ олар менен қысқа", – деді Аружан.

Ару бойының киім таңдауда қиындықтар тудыратынын жасырмады. Сөзінше, ол көбіне арнайы тапсырыспен тіктіреді екен. Сонда да ол өз бойымен мақтанатынын жеткізді.

Мектепте қыз бокс секциясына барады, волейбол мен шахматты жақсы ойнайды.

"Аружан басқа балаларға қарағанда үлкенірек дүниеге келген. Туған кездегі бойы 54 см, салмағы 5,8 келі болды. Қызыммен мақтанамын. Ол болашақта модель болғысы келеді. Біз де оның арманының орындалғанын қалаймыз. Әрине, отбасымызға кейде қаржылық жағынан оңай емес. Мен үйдемін. Ал әкелерінің денсаулығы артық ақша табуға мүмкіндік бермейді”, – деді студенттің анасы Жаңагүл.