Қазақстан БҰҰ бітімгерлік контингентіндегі әйелдер санын көбейтеді

0
485

Бүгін Парламент қазақстандық әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысуы туралы Жолдауын мақұлдады.


Қазақстан БҰҰ бітімгерлік контингентіндегі әйелдер санын көбейтеді

ERNUR.KZ. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында БҰҰ миссияларына жіберілетін әскери қызметшілер арасындағы әйелдер санын көбейтуге қатысты түсінік берілді, деп жазады inform.kz.

«Гендерлік мәселелермен айналысатын БҰҰ-ның департаменті әйелдерді бітімгерлікке қатыстыруды ескеретін бірқатар аргументті әзірледі. Олардың ішінде бітімгер әйелдер жергілікті әйелдердің топтарымен жақсы қарым-қатынас орната алады және қауіпсіздікке қатысты барлау деректерін жинауды жақсартады деген дәлел келтірген. Осы орайда БҰҰ бөлімшедегі әйелдер санын 30 пайызға дейін арттыру туралы талап қойды. Қазақстан бұл талапты сақтауды өз міндетіне ала ма? БҰҰ миссияларына жіберілген әскери қызметшілер арасында неше әйел бар?», - деп сұрады сенатор Айгүл Қапбарова.

Өз кезегінде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазір Батыс Сахарада бір әйел офицер бар екенін айтты.

«Жіберілетін әскери контингентте 7 әйел болады. Келесі ротацияда әйелдер санын көбейтеміз», - деді министр.

Олардың арасында дәрігерлер, аудармашылар, техникалық қызметкерлер қамтамылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент қазақстандық әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысуы туралы Жолдауын мақұлдады.