Қаржы пирамидасы Атырау облысының 300-ге жуық тұрғынан 49 млн теңгеге алдаған

0
640

​Кооператив қызметіне 296 адам тартылған.


Қаржы пирамидасы Атырау облысының 300-ге жуық тұрғынан 49 млн теңгеге алдаған

Атырауда қаржы пирамидасын құрған тұлғалар әшкереленді, деп жазады Inbusiness.kz.

Аталған азаматтар "QazHome" тұтыну кооперативінің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартудан кіріс алу, кейбір қатысушылардың активтерін қайта бөлу және басқалардың жарналары есебінен байыту қызметін ұйымдастырды.

Осы факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Атырау облысы бойынша Департаменті тергеп жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, кооператив қызметіне 296 салымшы тартылған. Олардың тек 35-і ғана шағымданып, арыз жазды.

Арыздар бойынша залал сомасы 49 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.