​«Тоқаевқа беремін»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің зәулім үйі жайлы мәлімдеме жасады

0
1 437

«Ішіп алған сияқты»


​«Тоқаевқа беремін»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің зәулім үйі жайлы мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде Халық әншісі Мақпал Жүнісованың өзі түсірген видеосы тарады. Онда өнер иесі марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтен қалған 4 қабатты зәулім үй туралы айтқан.


«Зәке, сен мені кешір. Мен шаршадым. Сенің дүниеңді сақтап отырғаныма 20 жыл болады екен. Кешір мені. Егер де үкімет сенің дүниеңді алып кетпесе, туған туысқандардың бәріне таратып, мына үйді сатамын. Маған оңай болмай тұр. Сол үшін тойға барып жүрмін. Ай сайын жүз мың теңге керек, сіздің үйіңізді сақтау үшін. Ыстық суыңыз... Бұл жерде біз шомылмаймыз да, саунаға да түспейміз. Ешқандай затыңызды пайдаланған да жоқпыз. Бұл үйге газ жүргізілмеген, Зәке! Сен соны ойламапсың ғой, Зәке! 20 жыл бойы екі үйге 210 мың теңгеден төлеп келе жатырмын. Екі үйге де газ жүргізілмеген. Өзіңіз қаланың бастығы болдыңыз, сол кезде неге ойламадыңыз?! Ай сайын сонша ақша төлеп жатырмын мен, неге осындай қорлық көрем?!


Менің жылағым келеді, шаршадым, Зәке! Үйіңді мұражай қылып қалдырайын. Тоқаев сенің атыңа ескерткіш ашайын деп жатыр екен ғой. Осы үйді Тоқаевқа беремін. Бірақ осы үйдің көлеміндей, 4 қабатты үйдің орнына екі қабатты үй берсін маған. Бұл Мерейге арнаған үйің еді ғой. Жарығым-ай, неге жылап отырмын мен? Халықпен бөліскім келеді. Қалай ойлайсыздар, сатып жіберейін бе, я болмаса Тоқаевқа тапсырайын ба?» – деп жылады өнер иесі.


Мақпал Жүнісова арада біраз уақыт өткен соң өзі жариялаған видеосын парақшасынан өшіріп тастады. Дегенмен бұл желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті.


«Халық болып ай сайын ақша салып тұрайықшы, Заманбек ағадайтұлғаның үйі сатылмасын!», «Ішіп алған-ау, күйіктен жылап отыр», «Күйбең тірліктен, жұрттың өсегінен, жалғыздықтан шаршаған ғой, Алла есіркесін!», «Сатып, керегіңе жаратсайшы, Мақпал! Осынша жыл сақтағаныңа да рахмет. Тірі адам тіршілігін жасауы керек», «Мынау Мақпал апайдың өзі емес, дауысы ұқсамайды» деп пікір білдірді көпшілік.