Қапшағайда 39 жастағы ер адам суға секіру кезінде қайтыс болды

0
471

Дәрігерлер алдын ала "мойыны сынған" деген диагноз қойды.


Қапшағайда 39 жастағы ер адам суға секіру кезінде қайтыс болды

ERNUR.KZ. Кеше, 20 тамызда сағат 20.55-те Қонаев қаласының "Рауан" шағын ауданында, "Boot Station" демалыс аймағының жанында ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағының күштері 1984 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарды,деп жазады inbusiness.kz.

Ер адам шамамен 20:05-те толқын басқыдан секіру кезінде қайтыс болды. Дәрігерлер алдын ала "мойыны сынған" деген диагноз қойды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар, онымен болған үш жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 36225 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы мен 2 жүзу құралы жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауын сұрайды.