ТҮРКІСТАН: Жеті жасар Нұрислам Әлем чемпионатының жүлдегері атанды

0
337

Спортшы бұған дейін де Азия чемпионатында, елішілік бәйгелерде үздік атанған.


ТҮРКІСТАН: Жеті жасар Нұрислам Әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Түркістандық жеті жастағы шахматшы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандық Нұрислам Сұлтанхан шахматтан Албанияда өткен әлем чемпионатында үшінші орын иеленді. Бес жасынан шахматқа бейім болған жас талант – Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» спортшысы. Спортшы бұған дейін де Азия чемпионатында, елішілік бәйгелерде үздік атанған.


Түркістанның жеті жастағы өрені әлемдік бәйгеде 11 турдан 8 ұпай еншілеп, жүлделі үшінші орынды иеленді. Шахматшының бапкері – ардагер шахматшы, математика ғылымдарының кандидаты Қуанышбек Джумадуллаев, спорт нұсқаушысы – Алима Пашанова.


Айта кетейік, әлемнің 43 мемлекетінен жиналған 377 жас шахматшы қатысқан чемпионатта еліміздің намысын 22 спортшы қорғады. Олар 25-28 сәуір аралығында шахматтың рапид және блиц түрінен кіл мықтыны анықтады.


Албанияның Тирана қаласында өткен әлемдік доданың ашылуында ел президенті Байрам Бегай сөз сөйлеп, ФИДЕ президенті Александр Дворкович алғашқы жүрісті өзі жасады.