БҚО-да 14 мектепте оқушылар тыйым салынған сайттарға еркін кіріп отырған

0
517

Мектеп директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


БҚО-да 14 мектепте оқушылар тыйым салынған сайттарға еркін кіріп отырған

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Осылайша, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі бары белгілі болды», - делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жол берілген заңбұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылды.

Бүгінгі таңда прокурорлық қадағалау актісімен ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қойылды.