«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Сайрамда тыл ардагерінің ауласы тазаланды

0
330

Аталған апталықта ардагерлер мен қарттардың үй аулалары тазаланып, абаттандырылады.


«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Сайрамда тыл ардагерінің ауласы тазаланды

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы жалғасуда.


Тазалық шарасында Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл жастары Қасымбек Датқа ауылының тұрғыны, тыл ардагері Журавлева Лидия әжейдің үйіне барып, ауласындағы шөптерді орып, бақшасындағы жерін аударып, қоқыстарды шығарып, тазалық жұмыстарын жүргізді.


84 жастағы Лидия әже ауылдың жастарына ризашылығын білдіріп, батасын берді. Айта кетейік, аталған апталықта ардагерлер мен қарттардың үй аулалары тазаланып, абаттандырылады. Ондағы мақсат, ата-әжелерімізге көмектесіп жылулық сезімін жеткізу, сол арқылы басқаларға өнеге көрсету.


Осы сынды игі жұмыстар аудан, қала көлемінде жалғасын табады деп күтілуде.