Баспалдақтан құлаған бала: Министр мектептерге тексеру жүргізуді тапсырды

0
596

18 қыркүйек күні Астанада оқушы мектеп баспалдағынан құлап, ауруханаға түсті.


Баспалдақтан құлаған бала: Министр мектептерге тексеру жүргізуді тапсырды

ERNUR.KZ. Бүкіл мектептегі қауіпсіздік шараларын бақылауды күшейту керек. Мұны аппарат жиналысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Күні кеше Астана қаласында №14 мектепте оқушымен болған оқиға бәрімізді алаңдатты. Бұдан жекелеген аймақтардағы білім басқармаларының бұл мәселені жіті бақылауда ұстамай отырғанын байқауға болады. Сіздерге үнемі айтылатын дүние: «Мектепте балаларға сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін басты орынға қою маңызды. Сондықтан бүкіл мектептегі қауіпсіздікті бақылауды күшейту керек», - деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен бірге министр өңірлердегі білім басқармаларының жауапты қызметкерлеріне мектепке барып, қауіпсіздік шараларын орындау барысын тексеруді тапсырды.

Еске салайық, 18 қыркүйек күні Астанада оқушы мектеп баспалдағынан құлап, ауруханаға түсті.