Астаналық шабандоз 1300 шақырымды жүріп өтіп, Гиннес рекордтар кітабына енді

0
827

Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет "Көкжал" атымен 1300 шақырымды еңсерді.


Астаналық шабандоз 1300 шақырымды жүріп өтіп, Гиннес рекордтар кітабына енді

ERNUR.KZ. Күні кеше басталған "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің нәтижесі бойынша құрама командалардан бөлек, жеке есепте сайысқа түскен шабандоздардың арасында үздіктер анықталды. Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет өзінің "Көкжал" атымен 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннес рекордтар кітабына үшінші болып енді, деп жазады zakon.kz.

"Командалық есеп бойынша астаналық құрама жарысты 5 жылқымен бастап, 12-кезеңде тек 2 жылқы ғана қалды. Жарыс ережесіне бойынша, команда тек 3 атпен ғана жарысты жалғастыра алады. Осыған сай қалған екі шабандоздың нәтижесі жекелей есепте қаралады", - делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Жарыстың марапаттау рәсімі бүгін сағат 18:00-де Түркістан қаласында өтпек.