Таиландта аптап ыстықтан 30 адам қайтыс болды

0
407

Елдегі термометр бағанасы сәуір айының басынан бері 40 градустан төмен түскен жоқ.


Таиландта аптап ыстықтан 30 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Таиландта аптап ыстықтан 30 адам қайтыс болды. Бұл туралы Корольдіктің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Елдегі термометр бағанасы сәуір айының басынан бері 40 градустан төмен түскен жоқ. Өткен аптада Лампанг қаласында ауа температурасы 44 градусқа жеткен, деп жазды 24KZ.

Синоптиктердің болжамынша, елдің орталық және солтүстік облыстарында жоғары температура осы аптаның соңына дейін сақталады. Тұрғындар мен туристерге ашық ауада ұзақ болмауға кеңес беріледі.

Ыстықтан ең көп зардап шегетіндер – далада жұмыс істейтіндер мен баспанасыз адамдар.