Астанада басына металл конструкция құлаған әйелдің жағдайы әлі де ауыр

0
595

Ауруханаға түскен сәтте әйелге жедел операция жасалып, жансақтау бөліміне түскен еді.


Астанада басына металл конструкция құлаған әйелдің жағдайы әлі де ауыр

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда төбесіне металл конструкция құлаған әйел әлі де жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ауруханаға түскен сәтте әйелге жедел операция жасалып, жансақтау бөліміне түскен еді. Атап өткен жөн, әйел ауруханаға түскенде-ақ өте ауыр жағдайда болған. Қазір де ол жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр», - деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй шатырынан металл конструкция құлаған еді. Салдарынан 56 жастағы әйел түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті. Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.