Алматы тұрғыны 47 мың теңге үшін "КСК" басшысын ұрып-соққан видео тарады

0
251

Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.


Алматы тұрғыны 47 мың теңге үшін

ERNUR.KZ. Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тұратын адам пәтер иелері кооперативінің төрағасына шабуыл жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиғаның видеосын журналист Михаил Козачков өзінің telegram арнасында жариялады.

«Ал бұл видео Алматыдағы «Байсал» тұрғын үй кешенінде болған жағдай. Бұл элиталық тұрғын үй. Бейнежазбаның сипаттамасында пәтер илерінің бірі ПИК төрағасына шабуыл жасады, ал жанжал 47 мың теңге қарыздан туындаған»-деп жазады ол.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жарияланған бейнероликке қатысты түсініктеме берді.

«Дене жарақатын салу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Өндіріс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», - деп хабарлады полиция.