Алматы әкімдігі митинг өткізуге рұқсат берді

0
375

2024 жылғы 7 наурызда сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Махатма Ганди атындағы саябақта митинг өткізуге келісім берілді.


Алматы әкімдігі митинг өткізуге рұқсат берді

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі 7 наурызда митинг өткізуге рұқсат берді, деп жазады tengrinews.kz.

19 ақпанда Алматы әкімдігіне 7 наурызда сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Махатма Ганди атындағы саябақта "Әйелдердің лайықты өмірі үшін. За достойную жизнь женщин" тақырыбында митинг өткізуге хабарлама келіп түсті.

"Бұл хабарлама "Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң талаптарына сәйкес келеді", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Осыған байланысты, заңнамаға сәйкес, әкімдіктің 2024 жылғы 21 ақпандағы қаулысы бойынша 2024 жылғы 7 наурызда сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Махатма Ганди атындағы саябақта митинг өткізуге келісім берілді, деп қосты әкімдік.