2021 жылы Қазақстаннан 700-ге жуық медицина қызметкері шетелге кеткен

0
615

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы айтты.


2021 жылы Қазақстаннан 700-ге жуық медицина қызметкері шетелге кеткен

ERNUR.KZ. Одан бөлек шетелге кеткен медицина қызметкерлерінің санын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

"Биылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің білім және ғылым ұйымдарының түлектерін жеке бөлу жөніндегі комиссиясының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі шешімімен жас мамандардың келуі 95%-ды құрады (3160-тың 2996, оның ішінде қала – 2390 адам, ауыл – 606 адам)", – деп жазды Алексей Цой депутаттық сауалға берген жауабында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, тәжірибелік денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес, 2021 жылға мемлекеттік білім беру тапсырысымен 4725 орын берілді, оның ішінде бакалавриатқа 2700, резидентураға 1500, магистратураға 365, докторантураға 160 орын берілді”, – деді министр.

"2021 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында шет мемлекетке кеткен медицина қызметкерінің саны 699 адамды құрады, 227 медицина қызметкері елге келді (ауыстыру деңгейі 32%). Медициналық кадрлардың шетелге ауысу қарқыны (699 адам) өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 1,2 есеге жоғары (өткен жылғы көрсеткіш 561 адам)”, - деп түйіндеді сөзін Цой.