​МАЙТАБАНДЫ емдеу үшін ЖАТТЫҒУ жасаңыз

0
5 418

Қайсы жаттығуды жасасаңыз да, қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтаңыз.


​МАЙТАБАНДЫ емдеу үшін ЖАТТЫҒУ жасаңыз

фото: центр525.рф

Егер сіздің балаңызда майтабандылық болса, оны жаттығу жасау арқылы емдеуге болады. Бірақ туа біткен ауруды тек жаттығумен емдеу қиын. Оған ұзақ уақыт, табандылық пен сан түрлі ем керек. Ал нәресте енді ғана жүруді үйреніп келе жатқан кезде дұрыс адымдай алмаса, майтабандылыққа әкеледі. Міне, осыны дене жаттығуларына ерекше назар аудару арқылы емдей аламыз. Жаттығу жасау арқылы аяқты және табанды дұрыс қимылдауға үйретеміз. Жаттығуды мейлінше ерте бастаған жөн. Егер 1,5-2 жастан асқан балаларға қозғалыстарды үйлестіруді дамытатын, аяқтың бұлшықеттерін күшейтетін және баланың аяғын түзететін жаттығуды үзбей әрі тұрақты жасатсаңыз, керемет нәтижесін көресіз.

Ендеше, жүріп-тұруымызға кері әсер ететін жайсыздықтан мына жаттығуды жасау арқылы құтыласыз:


«Ұшу» жаттығуы

Бала еркін отыра алатындай енді әрі 1-2 метр ұзындықтағы тақтаны алыңыз. Ортаға арқалығы жоқ орындық, дөңгелек немесе осы сияқты бір затты қоясыз. Үстіне тақтаны қойыңыз. Тақта жерден 15 см-дей биік болу керек. Тақтаның бір ұшына балаңызбен шамалас жасты баланы, екінші ұшына өз балаңызды отырғызасыз. Екі бала кезек-кезек тербеледі. Негізі екінші баланың салмағы сәл үлкендеу болса жақсы болады. Өйткені балаңыз отырған тақта 35-50 см қашықтыққа дейін көтерілу керек. Бала жоғары көтеріліп, төмен түседі. Көтерілу кезінде аяқтың ұшымен тұрып, қолын бұлғау керек.


«Теңіздің толқуы» жаттығуы

Ересек адам көшбасшы рөлін атқарады. Ол «Теңіз уайымдады – бір, теңіз уайымдады – екі, теңіз уайымдады – үш, мұздату – төрт» деген сөздерді айтуы тиіс. Бұл сөзді естіген бала алдын ала келісілгендей әрекет жасауы тиіс. «Бір» дегенде бала жүгіреді, «екі» дегенде секіреді. «үш» дегенде жүреді. Бірақ барлығын аяқ саусақтарымен жасауы керек. Ал «Мұздату!» сөзін естіген кезде бала тұрған орнында қатып қалуы шарт. Мүмкіндігінше ұзақ қозғалмай сол жерде тұруы керек.

фото: lechimsustavy.ru

«Балық аулау» жаттығуы

Бала орындыққа жайғасып отырады және аяқтарымен «балық аулай» бастайды. Жерге қарындаш, текше, пирамида, ойыншық көлік, қуыршақ болсын кез келген затты шашып тастайсыз. Бала жердегі затты екі аяғымен қысып, алуы керек.


«Арқанмен жүру» жаттығуы

Еденге арқан немесе жуандау жіпті ұзынынан тастайсыз. Бала оның бойымен мұқият жүріп өтуі тиіс. Шырша тәрізді жүрсе, майтабанына жақсы ем болады.


«Пингвин» жаттығуы

Балалар өздерін пингвин ретінде елестетеді әрі сол кейіпке енеді. Сосын таза ауада, кең залда серуендейді. Тура пингвин тәрізді қозғалуы керек. Аяқтарын екі жаққа ашып, анда-санда секірсе де болады. Тіпті ұзақ уақыт секірсе де болады.


«Эстафета» жаттығуы

Бұл жұптық ойын. Сондықтан да жаттығуды кемі 2 бала жасауы керек. Егер қатысушылар көп болса, командаға бөлінеді. Ойын алаңы тым тар немесе үлкен болмауы керек. Ойынға қатысатын баланың жасын және майтабандылығының шамасын ескеріңіз. Ойын барысында қатысушылардың тізесі түзу, ал қадамдары кішкентай болуы керек.

Эстафета келесі жаттығуларды қамтиды: алдымен аяқтың ұшымен жүресіз. Сосын өкшемен жүру керек. Келесі кезек аяқ саусақтарын екі жаққа жайып жүру. Соңында артқа қарай жүріп жаттығуды аяқтайсыз.

Мүмкіндігінше, үйде гимнастикалық қабырға орнатқан жөн. Оған өрмелеу аяқтың бұлшық еттерін қатты күшейтеді. Майтабан балаларға велосипед, сноуборд сатып алу ұсынылады, атқа міну өте пайдалы және өкшелері аттың бүйірлерінде тұруына назар аудару керек. Оған қоса, медицина мамандары баланы хореография үйірмесіне немесе жүзуге жіберуді ұсынады.

Балаңыздың қалауын ескере отырып, көптеген ойындарды ойлап табуға болады. Ең бастысы, ол рахаттанып, қуанышпен ойнайды. Оған дауысыңызды көтермеңіз, интонацияларыңызды бақылаңыз, сөздеріңіз жұмсақ болсын, жиі күліңіз. Көресіз, нәтиже барлығын таң қалдырады!


Ескерту!

Қайсы жаттығуды жасасаңыз да, қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтаңыз. Мүмкіндігінше жаттығуды өз бақылауыңызбен жасатқаныңыз жөн.


Дереккөз: wp-german-med.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ДЕНСАУЛЫҚ мықты болу үшін күніне қанша ҚАДАМ жүру керек?


Таңертең ЖАТТЫҒУ жасасаңыз ағзада қандай ӨЗГЕРІС болады?