​Денсаулықты нығайтатын ас мәзірі сымбатыңызды да сымдай етеді

0
1 918

Арықтаудың бар сыры - калорияны азайту мен физикалық белсенділікті арттыру.


​Денсаулықты нығайтатын ас мәзірі сымбатыңызды да сымдай етеді

Ғаламторды ашып жіберіп, «диета» сөзін жаза қалсаңыз, сізге диетаның сан түрін шығарып береді. Бірақ та осы диеталардың қайсысы ағзаға оң әсер етіп, қайсысы сымбатыңызды тартуға септігін тигізетінін біле бермейсіз. Диетаның негізгі мақсаты – калорияны азайтып, артық майларды жиыру. Егер ағза күнделікті алып жүрген калориясын алмаған жағдайда арықтау процесі жүре бастайды. Бұл орайда ешқандай ерекше диетаның немесе ерекше дәрінің қажеті жоқ.


Арықтаудың бар сыры - калорияны азайту мен физикалық белсенділікті арттыру.


Ендеше осындай пайдалы әрі артық салмақтан арылуға көмектесетін мәзірді ұсынбақшымыз. Аталмыш диета қолжетімді азық-түліктерден құралған, 1 аптада 1 кг салмақ тастауға көмектеседі.


Дүйсенбі

Суға піскен 200 гр. сұлы ботқасы, 1 дана қарақұмық наны мен қара кофе.

1 дана алма, минералды су.

250 мл тауық сорпасы, 120 гр. тауықтың төс еті, 130 гр. көкөніс салаты, 1 стақан анар шырыны.

1 дана қияр мен қызанақ, 100 гр. майсыз йогурт.

200 гр. қайнатылған күріш, 135 гр. туралған жеміс, көк шай.

250 мл 1%-дық айран.


Сейсенбі

210 гр. алма қосылған жүгері жармасынан дайындалған ботқа, 180 мл какао.

1 дана балық қосылған бутерброд, 1 стақан таза су.

175 гр. саңырауқұлақ қосылған палау, 110 гр. алма, 1 стақан алма шырыны.

1 дана апельсин, көк шай.

145 гр. қайнатылған сиыр тілі, 145 гр. қырыққабат салаты, 1 шыны каркаде шайы.

220 мл 1%-дық айран.


Сәрсенбі

235 гр. мейіз қосылған сүзбе, 245 мл 1%-дық сүт.

1 дана банан, таза су.

220 мл көкөніс сорпасы, 75 гр. буға піскен котлет, 100 гр. қызылша салаты, 1 шыны кисель.

Бір уыс грек жаңғағы, бал қосылған 1 шыны шай.

110 гр. қайнатылған макарон, 2 ас қасық кәді икрасы, қызанақ шырыны.

120 мл 1%-дық айран.


Бейсенбі

150 гр. күріш ботқасы, 1 шыны кофе, 1 дана алма.

Апельсин мен ірімшік қосылған бутерброд.

200 мл балық сорпасы, 85 гр. қайнатылған балық, сәбіз салаты, 1 шыны шай.

130 гр. жүзім, минералды су.

75 гр. балық котлеті, 130 гр. пеште піскен көкөністер, 1 шыны шай.

250 мл 1%-дық айран.


Жұма

2 дана қайнатылған жұмыртқа, тауық еті мен ірі тартылған ұннан дайындалған наннан бутерброд, 1 шыны кофе.

1 дана алмұрт пен 1 шыны кофе.

245 мл сиыр еті қосылған борщ, 1 стақан нәрсу.

1,5%-дық 50 гр. йогурт.

200 гр. пеште піскен көкөністер, 90 гр. балықтан дайындалған стейк, көк шай.

Минералды су.


Сенбі

175 гр. ұнтақ жармасынан дайындалған ботқа, 1-2 текше шоколад, кофе.

1 дана ірімшік салынған бутерброд, 1 стақан лимон қосылған шырын.

235 мл балық сорпасы, 75 гр. буда піскен котлет, 75 гр. баялды икрасы, шай.

140 гр. кептірілген жемістер, минералды су.

140 гр. буға піскен көкөністер мен 50 гр. сиыр етінен дайындалған стейк, көк шай.

120 мл 1%-дық сүт.


Жексенбі

2 жұмыртқа мен 2 ас қасық сүттен дайындалған омлет, кофе.

1 дана зефир, қара шай.

240 мл, горох сорпасы, 110 гр. салат, 1 дана алма мен кисель.

1 дана банан, минералды су.

100 гр. қайнатылған асбұршақ (фасоль), алма қосылған салат, қара шай.

200 мл 1%-дық айран ұсынылады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мұны жасасаңыз, 40 күнде "ТАП-ТАЗА" адам боп шыға келесіз